Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімі

Қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық кесімдерін басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі кадрларды басқару жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, екі іліктес бөлікке бөлінеді, атап айтқанда, кадрлық міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін кадрлық құжаттарды құру үдерісін және кадрлық құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру болып табылады.

Қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімінің атқаратын неғұрлым маңызды міндеттері:

  • еңбек шарттарын жасасу және жұмысқа қабылдауды ресімдеу;
  • жұмыс жағдайының өзгеруін ресімдеу;
  • жұмыскерлерге демалыстар беруді ресімдеу;
  • жұмыскерлердің көтермеленуін ресімдеу;
  • жұмыскерлерге тәртіптік шара қолдануды ресімдеу;
  • жұмыскерлердің аттестатталуын ресімдеу;
  • қызметтік іссапарларды ресімдеу;
  • жұмыстан шығаруды ресімдеу.

Бүгінгі таңда кадрлық қызметкерлерге маңызды мақсаттар артылады, мәселелерді шешу үшін кәсіби дағдылармен, барлық заңнамалық өзгерістерде хабар болу, заманауи ақпараттық технологияларды жетік игеру қажет. Сондықтанда бөлімнің жұмысы құжаттармен жұмыс істеудің жаңа технологиялары енгізілуі негізінде әр-қашанда жетілдіріледі.