Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру орталығы

ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректорының «10» ақпан 2016 ж. № 42-П «Университетің құрамына өзгерістер енгізілу туралы» бұйрығымен құрылды.

ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру орталығы (одан әрі – Орталық) Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ (одан әрі – Университет) Ғылыми-зерттеу жұмысы және инновациялық қызмет басқармасының (одан әрі – ҒЗЖжИҚ басқармасы) құрылымдық бөлімшесі болып табылады

Орталықтың негізгі міндеттері

  • Коммерцияландыру офисінің қызметкерлерімен өзара іс-әрекет жасауды және өзара тиімді тығыз ынтымақтастық құруды қамтамасыз ету.
  • Университеттің патенттік портфеліне талдау жүргізу.
  • Коммерцияландыру әлеуетіне ие келешекті жобаларды іздестіру.
  • Зияткерлік меншікті қорғау және технологияларды коммерцияландыру әдістемесі бойынша өткізілетін семинарларға барлық ғылыми қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.
  • Бөлімдер басшыларымен және ғылыми қызметкерлермен жобаның ғылыми-техникалық және коммерциялық құндылығы мәселесі жөнінде келіссөздер жүргізу және оны талқылау.
  • Коммерцияланатын жоба бойынша жаңа бизнес құру үшін жобалық команда қалыптастыруға қатысу.
  • Қаржыландыру жағдайы, формасы мен механизмі туралы өтінім берушілерге және әлеуетті серіктестерге консультация беру.
  • Жобаларды бағалау, мониторингілеу және басқару жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Инновациялық жобаларға алдын-ала қаржылық талдау жүргізу, сондай-ақ оларды бағалау және қаржыландыру мүмкіндігі бойынша алдын-ала іріктеу жұмысын ұйымдастыру және оған қатысу.
  • Жобалардың тұжырымдамасын негіздеу және коммерцияландыру бойынша қызметтер алу өтінімдерін дайындау және өңдеу.