Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Зерттеу жүргізу ережелері

Зертхананың негізінде жүргізілетін зертеулердің іс тәртібі

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ PhD докторанттары, магистранттары және бакалавриат студенттері, дисертация, дипломдық жұмыстарына қатысты зертханалық-талдау және ғылыми зерттеулерді зертхананың инженер-зерттеушісі көмегімен, негізгі бюджеттік қаржыландыру және бюджеттен тыс университет қаражаты есебінен, ақысыз зерттеулер жүргізеді, жыл басында бекітілген жоспар бойынша зерттеулер келесі көлемде орындалады:

  • PhD докторанттар - 15 сынамаға дейін, 15 сағат зертеу жұмыстар көлемінде;
  • Магистранттар - 5 сынамаға дейін, 5 сағат зертеу жұмыстар көлемінде;
  • Бакалавриат студенттері - 2 сынама, 2 сағат зертеу жұмыстар көлемінде;

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми қызметкерлері және профессор-оқытушы құрамы, зертханалық-талдау зерттеулерді, грант бойынша немесе мақсатық- бағдарламалық қаржы есебінен, сонымен қатар, бюджеттен тыс университеттен бастаушы тақырыптарға бөлінген қаражат есебіне іске асырылады.

Республикалық және аймақтық ұйымдарымен кәсіпорындары, сонымен қатар, шетелдік тапсырыс берушілер, шаруашылық келісім шарт негізінде немесе ынтымақтастық туралы келісім шарт бойынша зерттеулерді орындай алады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ PhD докторанттары, магистранттары және бакалавриат студенттерінің «IРГЕТАС» ИБЗ негізінде зерттеу жүргізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. ҒЗТҚТ, зертханалық-талдау зерттеу жұмыстары мен сынама дайындау «IРГЕТАС» ИБЗ-да тек қана зерттеу жүргізу кестесіне енгізілген тұлғалар (әрі қарай - Зерттеуші) ғана, олардың жеке қатысуымен (мүмкін ғылыми жетекшісімен), тек мәлімделген тақырыптар бойынша, және қатаң түрде кестеде көрсетілген уақыт бойынша осы бекітілген ережелер бойынша жүргізіледі. Зерттеу жұмыстары зерттеу жүргізу уақытынан 5 күн бұрын ресімделген Өтінім (Өтінім бланкі зертханада бар) бойынша өткізіледі

2. ҒЗТҚТ ИБЗ негізінде бар құрал-жабдықтармен ИБЗ мамандарын және университеттің ғылыми қызметкерлерін, олардың құзыреттілігінің шегінде қатыстыру арқылы жүргізіледі.

3. Зертханалық-талдау зерттеу жұмыстарын ИБЗ жабдықтарында тек қана ИБЗ -ның инженер-зерттеушілері ғана жүргізеді. Зерттеуші қолданылатын зерттеу әдістері саласына қажетті білімнің ең аз деңгейін білуі қажет, құрал жұмысының жалпы ұстанымын білуі керек, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анық білуі қажет, бағдарлама мен зерттеу барысын, күтілетін нәтижелерді көрсетуі керек.

4. Сынама дайындауды, қажет болған орайда, Зерттеуші өз бетінше орындайды. ИБЗ-да бар жабдықпен орындаған жағдайда, Зерттеуші ИБЗ инженер-зертханашыларының бақылауы және басқаруымен, жұмысты өз бетімен орындауы үшін зертханаға кесте бойынша талдау жұмыстарын жүргізетін уақыттан 5 жұмыс күнінен кешікпей баруы қажет. Зерттеуші сынама дайындаудың әдістерін білуі қажет, сынама дайындайтын жабдықта жұмыс істеу дағдысы болуы керек, немесе сынама дайындау жабдығы бекітілген ИБЗ инженер-зертханашысынан онымен жұмыс істеуді үйренуі керек.

5. «IРГЕТАС» ИБЗ негізінде орындалатын ҒЗТҚТ түрлері:

  • вакумдық технологиялар және жіңішке қабықша алу (ВТжәнеЖҚА);
  • материалдарды температурамен (соның ішінде жоғары температура) өңдеу (ТӨ);
  • материалдың электрогидроимпульстік дезинтеграциясы (МЭГД).

6. «IРГЕТАС» ИБЗ-да жүзеге асырылатын зертханалық-талдау зерттеу жұмыстарының түрлері:

  • трансмисиссиялық электрондық микроскопия (ТЭМ) - кемінде 1 сағатта бір үлгіге, сонымен қатар микро (нано) анализ жасау - кемінде 5 сағаттан бір үлгіге;
  • растрлық электрондық микроскопия (РЭМ), - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге соның ішінде микросараптамаға (РЭМменМС) - кемінде 1 сағаттан бір үлгіге;
  • рентгендік дифрактометрия (РД) - кемінде 1 сағаттан бір үлгіге;
  • индуктивті байланысқан плазмалы масс-спектрометрия (МСменИБП) - ең кемінде 1 сағаттан бір үлгіге;
  • атом-эмиссион спектрометрия (АЭС) - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • рентгендік-флуоресцент спектрометрия (РФС)- кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • фотометр спектрометрия (ФС) - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • колориметрия (К) - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • оптикалық микроскопия (ОМ) - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • металлография (МГ) - кемінде 1 сағаттан бір үлгіге

7. IРГЕТАС» ИБЗ-да жүзеге асырылатын зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне сынама дайындаудың (СД) түрлері:

  • сынама мен үлгілерді кесу және ұнтақтау (металл мен минералдарды кесуге арналған кесу білдегі, дестелеуіш және жақты уатқышты, тербелмелі ұнтақтағышты, шарлы диірменді, электрогидроимпульстік дезинтеграторды, ақықты үккішті қолдану арқылы дайындайды);
  • жоғары сапалы кесу, микрошлиф (дәлме-дәл кесу білдегі, ажарлау - ысып жылтырататын білдегін, үлгілерге арналған ультрадыбыстық ванна және кептіргішті пайдалану арқылы дайындайды);
  • ТЭМ-ға үлгі дайыдау (қабыршық қағаздар мен жіңішке қабықшаларды электролитикалық жұқарту, дәлме-дәл иондық ысқалап жылтырату әдістерін, ұнтақтарды жіңішкелеп ұнтақтау және мыс торға көміртекті қабықша-төсемеге түсіру әдісітерін қолдану)
  • РЭМ-ға үлгі дайындау (дәлме-дәл кесу, сынамалар мен үлгілерді компаундқа пресстеу, механикалық тегістеу және ысып жылтырату, химиялық өңдеу, өткізгіш көміртек қабықшаларды тозаңдату);
  • РД-ға үлгі дайындау (ұнтақтар, жіңішке қабықшалар мен пластинкалар);
  • МСменИБП және АЭС-ға үлгі дайындау (жіңішкелеп ұсақтау, дәлме-дәл салмақтау, сынамалардың химиялық ыдырауы);
  • Талдау зерттеу жұмыстарының басқа түрлеріне үлгі дайындау.

8. Зерттеу жұмыстары кафедраға бөлінген үлестеме шегінде, ағымдағы жылға ИБЗ-ның негізгі бюджеттік қаржыландыруының қаражатынан жүргізіледі, сондай-ақ грант қаражатының есебінен, бағдарламалық-мақсатты қаржыландару, шаруашылық келісім қаражатынан жүргізіледі

9. Үлестеме кафедраларға пропорционалды түрде (зерттеудің әр түріне сағаттар бойынша), зерттеу жүргізу кестесін қалыптастыру барысында, тізімге енгізілген барлық потенциалды Зерттеушілердің мәлімделген зерттеулерінің жалпы санын есепке алғаннан кейін, бұл мақсатқа жалпы құрал сағаттарының және негізгі қаржыландыру қаражатының көлеміне қарай (жалақыға, шығыс материалдарға, пайдалану шығысына т.б. бөлінетін шектелген қорға байланысты) бөлінеді.

10. Үлестеме берілгеннен кейін оны кафедра ішіндегі потенциалды Зерттеушілердің арасында бөлуді кафедра өзі жүргізеді.

11. Бөлінген үлестеме бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстарын әр Зерттеуші зертханалық-талдау зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, олардың жалпы жиынтығына, осы ережелермен бекітілген норматив шегінде жүргізеді (үлгілердің көлемі, сағаттар бойынша).

12. 2014-2015 оқу жылындағы зерттеу жұмыстарының көлемі бойынша бекітілген норматив:

  • PhD докторанттар - 15 үлгіге (сынама) дейін, 15 сағаттан артық емес;
  • магистранттар - 5 үлгіге (сынама) дейін, 5 сағаттан артық емес;
  • студенттер - 2 үлгі (сынама), 2 сағаттан артық емес.

13. Кестеге, оны құру барысында (тізімге) зерттеу жұмыстарының түрлері мен көлемі бойынша зерттеуді жүргізудің жоспарланған уақыты – құрал уақыты (1.11.2014 ж-дан 31 05.2015 ж-ға дейін, апта күндері – дүйсенбіден бейсенбіге дейін, жұма күндері ИБЗ-да – әдістемелік күн, пайда болған сауалдарыңызды сұрауға болады) енгізіледі. Соңғы мерзім потенциалды Зерттеушілердің берілген тізімін өңдегеннен кейін кестені бекіткен кезде орнатылады. Бұл ИБЗ-ның мүмкіндігі мен оқу жылының уақытына қарай құрал сағаттарын тиімді бөлудің негізінде жүзеге асырылады. Зерттеуді жүргізудің жоспарланған мерзімін мүмкіндігінше сақтау ұстанымы келесі кезекпен жүргізіледі: бірінші кезекте - PhD докторанттар, екінші кезекте – магистранттар, үшінші кезекте – студенттер.

14. Зерттеушінің дәлелді себептермен бекітілген уақытта зерттеу жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда (дайын болмау немесе үлгілердің болмауы, Зерттеушінің іссапары, және т.б. дәлелді себептер) мерзімді өзгерту мәселесін Ғылым және Халықаралық Ынтымақтастық проректоры жекелей шешуі мүмкін. Мерзімді өзгерту ғылыми жетекшінің қызметтік хаты немесе Зерттеушінің өтініші негізінде, зертхананың мүмкіндігі мен бос құрал уақыттарының болуына қарай, кесте бойынша зерттеуді жүргізу мерзімі келгенге дейін ИБЗ меңгерушісінің келісімімен жүзеге асырылады

15. Зертхананың дәлелді себептермен бекітілген уақытта зерттеу жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда (құралдың дайын болмауы немесе істен шығуы, қажетті шығыс материалдардың болмауы, инженер-зерттеушінің іссапарда, тағлымдамада, еңбек демалысында болуына байланысты жұмыста уақытша болмауы) мерзімді өзгерту мәселесін, кесте бойынша зерттеуді жүргізу мерзімі келгенге дейін ИБЗ меңгерушісі жекелей шешуі мүмкін.

16. Үлестеме алмаған Зерттеушілер, сондай-ақ, үлестемеден тыс зертеу көлемін қосымша орындау керек болған жағдайда, бос сағаттар болса, зерттеу жұмыстары қосымша қаржыландыру көзі анықталғаннан кейін орындалады (грант қаражаты, бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру, шаруашылық келісім қаражаты).

Байланыс ақпараты

Зертханалық-талдау зерттеу жұмыстары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ІРГЕТАС зертханасында жүргізу мәселесі бойынша төмендегі мекенжай бойынша хабарласуыңызды өтінеміз:

Мекен-жай: 070010, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Серікбаев к-сі, 19, Г-3-117

«ІРГЕТАС» Инженерлік бейіндегі зертханасы

Тел./факс: 8 (7232) 541-488 (зертхана кеңсесі)

e-mail: irgetas@ektu.kz

Зертхана меңгерушісі - Мисевра Сергей Яковлевич

Тел./факс: 8 (7232) 541-488

e-mail: SMisevra@ektu.kz.