Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Сынама дайындау бөлімі

Жұқа қабыршақ алу және вакуумдық техника бөлімшесі

PIPS 691  дәлме-дәл иондық жылтырату жүйесі «Gatan, Inc» (АҚШ) компанияның өндірісі.

Универсалды вакуумды пост ВУП-5 «Аргамак» қондырғысы

Трансмисиссиялық электрондық микроскопқа жұқа қабыршақтарды дайындап алуға арналған құрал. 3 мм иондық сәуле модуляциясымен, сынамаларды бір және екі жақты иондық жалтырату.

Әр түрлі материалдардан жасалған жұқа қабыршақтарды термиялық тозаңдату әдісімен тозаңдату, трансмиссиялық электрондық микроскоп әдісімен зертелетін сынамаларды зерттеуге дайындау.

Әр түрлі материалдардан жасалған жұқа қабыршақтарды магнетрондық тозаңдату әдісімен тозаңдату, электрондық микроскоп әдісімен зертелетін сынамаларды зерттеуге дайындау.

Термоөңдеу бөлімшесі

SNOL 6,7/1300 жоғарғы температуралық электр пеші «Умега» АҚ (Литва) компаниясының өнімі.

СНО 1,5х1,5х5,0/12-5/380 шахталық пеш «ЗапСибОгнеупор» ЖШҚ өнімі (Ресей)

ШС-80-01-СПУ кептіргіш шкафы «Смоленское СКТБ СПУ» ААҚ өнімі (Ресей).

Әр түрлі материалдарды 50°С - 1300°С температура аралығында термоөңдеу жасау мүмкіндігімен.

Ауадағы ортада 50°С дан 1200 °С дейiн температура арасында материалдар мен бұйымдарды кең сыныпты термо өңдеу.

Сынамалармен материалдарды кептіру.

Физика-химиялық сынама дайындау бөлімшесі

Трансмисиссиялық электрондық микроскоп үшін сынамаларды электролиттік жұқартуға арналған TenuPol-5 автоматтық құрылғы «Struers» компания өндірісі (Дания).

Металлдан және қоспалардан жасалған жұқа қабыршақтарды трансмиссиялық электрондық микроскоп әдісімен  зерттеуге дайындау. Жұқарту үдерісінің электрлік параметрлерін оңтайландыру үшін сканерлік функцияны қолдану арқылы, бастапқы жұқарту, электролиттік кесу және  3-2,3 диаметріндегі үлгілердің соңғы жұқарту жұмыстарын іске асырады. 

REV-1035 роторлық буландырғыш «Abbota Corporation» компаниясы өнімі (АҚШ). Органикалық заттарды тазарту.

ПСБ – 1335-05 ультродыбыстық ванна «ПСБ-Галс» ЖАҚ компаниясы өнімі (Ресей). Сұйық және қатты бөлшектерді диспергациялау, эмульсияларды алу, үлгілерді тазарту.

СМ-6М зертханалық центрифуга «Elmi Ltd» компаниясы өнімі (Латвия). Тұнбаны ерітіндіден ажырату.

ЛАБ-ПУ-01 араластыру құралы «Лабораторное Оборудование и Приборы» ЖАҚ өнімі (Ресей) 50- ден 2000 мл-ге дейін бірнеше арнайы ыдыста, бір уақыта сұйықтарды араластыру.

Бидистиллятор БС «Химлаборприбор» ААҚ компания өндірісі (Ресей). Екі есе тазартылған суды алу.

ВК-75-01 бу стерилизаторы «Тюменский завод медицинского оборудования и инструментов» ААҚ компания өндірісі (Ресей).  Зертханалық ыдыстармен саймандарды бумен стерилдеу.

Жіңішкелеп ұсақтау бөлімшесі

МС-120 минералогиялық кесу білігі «Maruta» компаниясы өнімі (Жапония). Минералогиялық сынамаларды кесу.

ЩД 6 Жақты уатқыш ЖШҚ «БИБРОТЕХНИК» компаниясы өнімі (Ресей). Бастапқы көлемі 50 мм-ге дейін, сынғыш және сусымалы, беріктігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды 1 – 20 мм-ге дейінгі түйірлер көлемінде ұсақтау.

ДВГ 200х125 дестелеуіш уатқыш «БИБРОТЕХНИК» ЖШҚ компаниясы өнімі (Ресей). Бастапқы көлемі 20 мм-ге дейін, сынғыш және сусымалы, беріктігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды 0,25 – 12 мм-ге дейінгі түйірлер көлемінде ұсақтау.

СВУ-2 тербелмелі әмбебап стенд негізіндегі шарлы диірмен «Вибромаш» ЖШС компаниясы өнімі (ҚР, Өскемен қаласы). Бастапқы көлемі 15 мм-ге дейін, сынғыш және сусымалы, беріктігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды 0,1 – 0,3 мм-ге дейінгі түйірлер көлемінде ұсақтау

ИВ-4 тербелмелі ұсақтағыш «Грант» ААҚ компаниясы өнімі (Ресей). Бастапқы көлемі 2 мм-ге дейін, сынғыш және сусымалы, беріктігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды 0,02 мм-ге дейінгі түйірлер көлемінде ұсақтау.

Ақықты үккіш. Сынғыш сынамаларды қолмен ұнтақтау.

Микрошлиф бөлімшесі

Minitom дәлме-дәл кесу білдегі «Struers» (Дания) компаниясы өнімі. Растрлық электрондық және оптикалық микроскопия зерттеу әдістеріне арналған минералдық, керамикалық және металдық үлгілерді дәлме-дәл кесу.

LaboForce-3 автоматты түрде ажарлатып, ысып жылтырататын құрылғысы бар LaboPol-5 ажарлату-ысып жылтырату білдегі «Struers» компаниясы өнімі (Дания). Растрлық электрондық және оптикалық микроскопия зерттеу әдістеріне арналған минералдық, керамикалық және металдық үлгілерді ажарлату және ысып жылтырату

Drybox-2 үлгілерді кептіру құралы Struers» (Дания) компаниясы өнімі. Үлгілерді кептіру

Metason 60 үлгілерді ультрадыбыстық тазарту құралы «Struers» (Дания) компаниясы өнімі. Үлгілерді ультрадыбыстық тазарту.

ОИ-12 оптикалық микроскоп. Сынама дайындау барысында микрошлифтерді алдын-ала зерттеу.