Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

ҒӨО «САТиМ»

Автокөлік отындары мен техникалық майларды сертификатық сынақтардан өткізетін ғылыми –өндірістік орталық «САТиМ» Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетті негізінде 2002 жылы құрылды.

Қазіргі кезде ҒӨО «САТиМ» - Шығыс Қазақстан аймағындағы жоғары кәсіби деңгейдегі сынақ зертханасы, Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде халықаралық стандарт ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 сәйкес аккредитациядан өткен.

ҒӨО «САТиМ» аккредитациялау аумағына сәйкес ҚР СТ ИСО 9001-2009 сапа менеджментінің жүйесі жүгізіледі, оның негізгі мақсаты мұнай өнімдерін сынау кезінде қызмет көрсету сапасын жоғарлату, сынақ нәтижесінің шынайлығын қамсыз ету және тапсырыс берушінің ақпаратының құпиялығын сақтау

Зертхана мұнай өнімдеріне - автокөлік бензиндеріне, дизель отындарына және техникалық майларға тәуелсіз сараптамалық зерттеулер жүргізеді, мемлекет аралық және мемлекеттік стандарттар немесе басқада нормативтік құжаттар талабтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

3ҒӨО «САТиМ» сынақ сапалы жаса үшін, нәтижесінің нақтылығы мен дәлме-дәлділігін қамсыз ететін заманауй сынақ жабдықтарымен және өлшеу құралдарымен жасақталған.

Орталық жұмысының негізгі бағыты: автомобиль бензиндерінің, дизель отындарының және техникалық майлардың Кедендік Одақтың техникалық реттеу талаптарына сәйкес бір қатар (дизель отыны –18, бензин–14 және техникалық майлар –14) көрсеткіш бойынша сапасын анықтау болып табылады.

Жүргізілген сынақ нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге тағайындалған пішіндегі хаттама және толық техникалық кеңес беріледі.

Орталық қызыметшілерінің автомобиль отындары мен техникалық майды сынақтан өткізуге қажетті құзыреттіліктері және біліктіліктері жеткілікті. Барлық қызметкерлер жоғары білімді және ғылыми дәрежелері бар.

ҒӨО «САТиМ» автомобиль отындарының және техникалық майлардың қасиеттерін сараптау аумағында, сол сияқты олардың қоршаған ортаға және көлік техникасының сенімділігіне ықпалына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Орталық Ресей федерациясы өткізетін Евро-Азиаттық ынтымақтастық мемлекеттік метрологиялық мекемелер бағдарламасы бойынша (KOOMET) Жалпы Ресейлік мұнай өңдеу ғылыми-зерттеу институты мен технология және стандарттар Инжиниринг орталығы «ИНТЕГРСО» халықаралық бағдарламасына қатысады.