Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Қаржы-экономикалық бөлімі

Қаржы-экономикалық бөлімі (одан әрі - ҚЭБ) Экономика және қаржы басқармасының құрамына кіреді және басқарманың бастығына - бас бухгалтерге тікелей бағынады.

ЭЖБ өз қызметінде төмендегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасын;
  • Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қаржы, салық жөніндегі нормативтік кесімдерін;
  • Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы № 319-III «Білім туралы» Заңын;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 - 1V «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын;
  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын;
  • 27.12.2007 жылғы № 1301 мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін (30.12.2009 жылғы жағдай бойынша № 2305 өзгерістері мен толықтырулыра бар ережесін);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Уәкілетті органының бұйрықтары мен нұсқау хаттарын;
  • Университеттің Жарғысын;
  • Университеттің есепке алу саясатын;
  • ректордың бұйрықтары мен өкімдерін;
  • басқадай нормативтік және құқықтық кесімдерді, сондай-ақ ЭЖБ туралы осы ережені.

 

Мақсаттары мен міндеттері:

  • Университеттің ағымдағы және келешекті даму жоспарларын әзірлеу.
  • Университет бухгалтериясымен, және басқа да бөлімшелермен бірлесіп, еңбек пен ақшалай қаражаттарды дұрыс әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
  • Мамандар дайындығының келешекті және ағымдағы жоспарлауына қатысу.
  • Университетте іске асырылатын және өндірілетін қызметтер мен жұмыстар құнын әзірлеу.
  • Университеттің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
  • Қызметкерлер құрамының және қаржыландыру көздерінің барлық түрлері бойынша штаттық кестелер әзірлеу.
  • Үстемеақы, сыйақы жүйелерін және еңбекақы төлеудің басқадай түрлерін жетілдіру ережелерін әзірлеу.
  • Қаржы және статистика есептемелерін құрау.
  • Университеттің қаржы тұрақтылығын болжамдау.