Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Мемлекеттік сатып алу және материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Мемлекеттік сатып алу және материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімі (кейінен МСж/еМТҚБ) Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ өндірістік-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

 

1. Басты мақсаты

1.1 ЖОО жылдық бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес, университеттің барлық іс-әрекеттін қамтамасыз етуге қажетті қызметтер, жұмыстар, товарларға сұраныстарды қанағаттандыру.

1.2 Заңды құжаттар талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды сапалы ұйымдастыру және өткізу.

 

2. Негізгі міндеттері

2.1 Оқу процесін қамтамасыз етуге қажетті қызметтер, жұмыстар, товарларды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және мемлекеттік сатып алу туралы бекітілген қызмет етуші заңдарға, ШҚМТУ жарғысына сәйкес сатып алу./

 

2.2 Университеттің жылдық бекітілген жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алу процессін жоспарлау мен жүзеге асыру.

 

3. Негізгі қызметтер

3.1 Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындау, бекіту және ЖОО-ның кафедралары мен құрылымдық бөлімдерінің сұраныстарын орындау.

3.2 Әрекет етуші заңға сәйкес қызметтер, товарлар, жұмыс түрлерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу.

3.3 Заң талабына сәйкес қызметтер, жұмыс және товарларды сатып алудың салалық ерекшеліктерін ескеруді қадағалау.

3.4 Жүргізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша, жеңіске жеткен белгілі бір жеткізушілермен мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шартқа отыру.

3.5 Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттарды орындау.

3.6 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша құжаттарды жүйелі есепке алуды енгізу, сақтау.

3.7 Мемлекеттік сатып алу бойынша жоғары орындарға есеп беру.

3.8 Қоймалық есеп жұмысын ұйымдастыру.