Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму басқармасы

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму басқармасы ҚР Конституциясына, «Білім беру туралы» ҚР заңына, 2011-2010 жылдарға ҚР білім беру дамуының Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасына, білім беру саласын реттейтін , басқа да жоғары білім беру мен тәрбие облысында қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық актілеріне, жоғары оқу орындардың қызметін ұйымдастыру ережелеріне, университет жарғысына сәйкес өзінің қызметін атқаратын ШҚМТУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма қызметінің мақсаты - жоғары құлықтылық-этикалық нормаларды тасымалдаушы, тиімді әлеуметтік өзара әрекет машықтары бар және шығармашылық өзін-өзі тәрбиелеуге қабілетті жас маман тұлғасын қалыптастыруға қажетті салауатты әлеуметтік ортаны құру.

Басқарма қойылған мақсатқа жету үшін құрылымдық бөлімшелермен, қоғамдық ұйымдармен және студенттік өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп өз қызметін келесі бағыттарда жүзеге асырады:

  • белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, жастардың жалпықазақстандық сәйкестілігі мен әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруға жағдай жасау;
  • қазіргі заманғы зиялы адамның бейнесіне сәйкес келетін университет студенттерінің мәдени деңгейін көтеру;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметке қарсы көріністердің алдын алу;
  • оқу үдерісі және оқудан тыс уақытта студенттердің әлеуметтік құқықтарын қорғау.

Тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттары мен қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  • Басқарманың құрамдас элементтерінің тиімді жұмыс атқаруына қажетті нормативті-әдістемелік негізді жасау;
  • тәрбие жұмысын ҚР қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының көкейкесті тенденияларына сәйкес әлеуметтік қызметті перспективтік және оперативтік жоспарлау;
  • студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына (академиялық топ, курс, факультет, университет) барлық деңгейде кураторлық институттарды дамыту арқылы кеңестік қолдаумен қамтамасыз ету;
  • қоғам-гуманитарлық ғылыми білімдер негізінде жастардың құқықтық және саясаттық мәдениетін көтеру;
  • жастар ортасында нашақорлықпен, маскүнемдікпен, темекі шегумен күрес жүргізу бағдарламасын іске асыру және университеттің әлеуметтік кеңісін нашақорлықтан бос кеңістікке айналдыруға себептесу;
  • студенттік оқудан тыс іс әрекетін ұйымдастыруды дамыту түрлерін қолдау: жастар ұйымының қоғамдық-саясат бағыттылығын, клубтық іс әрекетін студенттердің жалпы мәдениеттік және кәсіптік деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік беру;
  • студент жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған шараларды өткізуге, ұйымдастыруға көмек беру;
  • әлеуметтік-тәрбие үдерісінің жаңа инновациялық технологиялрын құруға, енгізуге және таратуға ықпал ету;
  • студенттердің құқығын бақылау және қорғау;
  • студенттерді, сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерді, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды және т.б. әлеуметтік бақылау мәселелерін басшылыққа алу;
  • студент жастарды қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейлерде жобалар мен шараларға кең қатысуын қамтамасыз ету.

foto1 DSC05700 DSC07411 DSC02290 DSC03365