Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік қызметі - Азаматтық қорғаныс штабы

Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік қызметі - Азаматтық қорғаныс штабы (бұдан былай: АҚ штабы – ЕҚ қызметі) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан былай – Университет), ол азаматтық қорғаныс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау іс-шараларын тікелей басқару үшін тағайындалған. АҚ штабы – ЕҚ қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау салаларындағы Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғанысты, қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқауларды, тәлімдерді және ережелерді, университет Жарғысын және АҚ және ЕҚ туралы Ережені басшылыққа алады.

АҚ штабы – ЕҚ қызметі негізгі міндеттерін атқарудан босатылмаған лауазымдық тұлғалар есебінен жиынтықталады. АҚ штабы – ЕҚ қызметі өз жұмысын АҚ басшысының – университет ректорының шешімдері негізінде ұйымдастырып, өткізеді. АҚ штабын – ЕҚ қызметін университет ректоры заңдармен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындап, одан босататын бастық басқарады. Жеке құрамның өкілеттігі АҚ штабы – ЕҚ қызметі алдына қойылатын міндеттермен, ал құқықтары мен міндеттері – лауазымдық бернелермен нақтыланады.

АҚ штабының – ЕҚ қызметінің негізгі міндеттері төмендегідей болып табылады:

  • Бебітшілік және соғыс уақыты кезеңінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау және олардың белгіленген уақытта іске асырылуына бақылау жасауды жүзеге асыру.
  • Күнделікті жағдайда, төтенше жағдайларда және соғыс уақыты кезеңінде азаматтық қорғаныс іс-шараларының барлық кешенін орындауды ұйымдастыру. Төтенше жағдайларда және жаудың іс-әрекет ету жағдайында азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, күштері мен құралдарын құруға және оларды дайын болуда ұстауға бақылау жасауды жүзеге асыру. Төтенше жағдайларда құтқару және басқадай шұғыл жұмыстар жүргізу кезінде азаматтық қорғаныс күштерін басқаруды қамтамасыз ету. Университеттің басқарушылық құрамының, қызметкерлерінің дайындығын жоспарлау және ұйымдастыру, сондай-ақ университет қызметкерлерін азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда іс-әрекет ету мәселелері бойынша оқытуға бақылау жасауды жүзеге асыру.
  • Азаматтық қорғанысты басқару жүйелерін құруды және оларды дайын болуда ұстауды, қызметкерлер мен студенттерді дүлей апаттардың, қираудың, алапаттың қауіпі мен оның пайда болғаны туралы және жаудың қазіргі заманғы күйрету құралдарын қолданғаны туралы құлақтандыруды және ақпараттандыруды қамтамасыз ету.
  • Төтенше жағдайларда және соғыс уақыты кезеңінде эвакуациялық іс-шаралар орындауды жоспарлау және ұйымдастыру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу сабақтары мен жаттығуларын өткізуді жоспарлау және жүргізу.
  • Университетте қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайларын құру және қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдеу-алдын алу іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру.
  • Жұмыс істеушілердің Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау туралы» Заңын, белгіленген еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі нұсқауларын сақтауына, еңбекті қорғауды қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың нұсқаулықтарын орындауына бақылау жасау.

Атап көрсетілген міндеттерден басқа АҚ штабы – ЕҚ қызметі қызмет түріне және болып жатқан жағдайдың ерекшелігіне байланысты басқа да міндеттерді орындайды.