Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті бойынша басқарма

Стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті бойынша  басқарма (СЖжСМБ) Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ құрылымдық бөлімі.

СЖжСМ басқармасының негізгі мақсаты университеттің стратегиялық даму Бағдарламасын жүзеге асыруда сүйемелдеу, университетті халықаралық және ұлттық рейтингтерде алға жылжыту, бәсекелестік артықшылығында танымал имиджін құру,  СМЖ қызметі бойынша жұмыстарды үйлесімді басқару.

СЖжСМБ қызметінің негізгі бағыты:

  • университеттің стратегиялық жоспарлауы бойынша тұтынушылар сұранысына бағдарлана және университетте заманауи өзгерістерді жүргізіп, бәсекелестік басымдылыққа қол жеткізе отырып қызметті басқару;
  • СМЖ жұмыстарын үйлесімді басқару;
  • университеттің стратегиялық даму бағдарламасын басқару және әзірлеуін үйлесімді басқару;
  • университеттің халықаралық және ұлттық рейтингтерге енуі бойынша жұмыстарды үйлесімді басқару;
  • институционалдық және арнайы аккредитация өткізу бойынша жұмыстарды үйлесімді басқару;
  • университет дамуындағы стратегиялық мақсаттарға жетуге байланысты мәселелерді анықтау мақсатында университет қызметінің тиімділік мониторингі;
  • құрылымдық бөлімшелердің қызметіне мониторинг жасау;
  • ұсынылған қызметтердің сапасымен тұтынушылардың қанағаттану мониторингі;
  • университеттің, құрылымы мен басқару әдістерін нормативті және ұйымдастырушылық базасын жетілдіру.

СЖжСМБ құрамына екі бөлім енеді:

  • Сапа менеджменті жүйесі бөлімі (СМЖБ).  
  • Білім беру технологияларын дамыту және сапасын бағалау орталығы (ББТДжСБО).