Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Білім беру технологияларын дамыту және сапасын бағалау орталығы

Білім беру технологияларын дамыту және сапасын бағалау орталығы (ББТДжСБО) Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталық Стратегиялық даму және мониторинг департаментінің құрамына кіреді.

Орталық қызметінің басты мақсаты – ЖОО қызметінің ішкі сапасын бақылау бойынша мониторинг жасау, университет ұлттық және халықаралық ТОП рейтингісіне кіру әрекетін жоспарлау және үйлестіру, ОП халықаралық аккредиттен өткізу, үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру.

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • Университеттің ұлттық және халықаралық ТОП рейтингісіне кіру әрекетін жоспарлау және талдау;
  • Ұлттық және халықаралық рейтингтерге ЖОО қатысуы бойынша ұйымдастыру жұмыстары;
  • ЖОО-ның ұйымдастыру, ақпараттық, әдістемелік сүйемелдеу аккредитациясы және жеке білім беру бағдарламалары;
  • Аккредитация сұрақтары бойынша кафедра мен құрылымдық бөлімшелерді ұйымдастыру және оларға кеңес беру;
  • Аккредитация мен рейтинг бойынша халықаралық және қазақстандық агенттіктерімен байланыс орнату;
  • Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дегі тілдік даярлық сапасының мониторингі;
  • «Үштілділік-табыс формуласы!» жобасын жүзеге асыруды үйлестіру.