Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Cитуациялық-талдамалық орталығы

Ситуациялық-талдамалық орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Стратегиялық даму және мониторинг департаменті құрамына кіреді.

Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысы университет қызметін мониторингілеу және Университеттің стратегиялық даму бағдарламасын орындауға жәрдемдесетін басқарушылық шешімдерді ақпараттық-талдамалық қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.

Ситуациялық-талдамалық орталығы орындайтын неғұрлым маңызды міндеттер:

  • Университеттің стратегиялық даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесетін басқарушылық шешімдер қабылдауды ақпараттық қолдау;
  • Университеттің академиялық, ғылыми-инновациялық, қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты бизнес үдерістерін шұғыл түрде мониторингілеу;
  • Ситуациялық-талдамалық орталыққа келіп түскен ақпарат негізінде ақпараттық ресурстарды пайдаланатын адамдарды ағымдық ақпараттандыру;
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық қолдау көрсету.