Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті бойынша басқарма

Стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті бойынша басқарма (СЖжСМБ) Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ құрылымдық бөлімі, Даму стратегиясы және мониторинг департаментінің құрамына енеді.

СЖжСМ басқармасының негізгі мақсаты университеттің стратегиялық даму Бағдарламасын жүзеге асыруда сүйемелдеу, стратегияларды, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруын бақылау мен мониторинг жасау, бәсекелестік артықшылығына қол жеткізу.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • университеттің стратегиялық жоспарлауы бойынша тұтынушылар сұранысына бағдарлана және университетте заманауи өзгерістерді жүргізіп, бәсекелестік басымдылыққа қол жеткізе отырып қызметті басқару;
  • университеттің стратегиялық даму бағдарламасын әзірлеуді үйлестіру және іске асыруына мониторинг жасау;
  • университет дамуындағы стратегиялық мақсаттарға жетуге байланысты мәселелерді анықтау мақсатында университет қызметінің тиімділік мониторингі;
  • құрылымдық бөлімшелердің қызметіне ішкі аудит жүйесі арқылы мониторинг жасау;
  • ұсынылған қызметтердің сапасымен тұтынушылардың қанағаттану мониторингі;
  • басқару құрылымы мен ұйымдастырушылық құрылымын, ішкі нормативті құжаттарды көкейтесті ету;
  • корпоративті басқаруды енгізу.

СЖжСМБ құрамына екі бөлім енеді:

  • сапа менеджменті жүйесі бөлімі (СМЖБ);
  • даму бағдарламалары мен жобаларды басқару бөлімі (ДБЖББ).

Сапа аясындағы мақсаттар