Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Ақпараттық техникалық бөлімше

Тапсырмалары: Оқу және қаржылық-шаруашылық үрдістерді автоматизациялайтын қолайлы құралдарды жасауға мүмкіншілік беретін, университеттің бағдарламалық-телекоммуникациялық негізін дамыту және қолдау

Негізгі міндеттері:

  • корпоративтік компьютерлік желіні дамыту және оған қызмет көрсету;
  • есептеу техникасы құралдарына техникалық сервис көрсету;
  • телебайланыс амалын қамтамасыз ету.

ШҚМТУ бiрлескен компъютер желiсi университеттiң 8 корпустарының жергiлiктi есептеуiш желiлерiн бiрлестiредi, соның iшiнде 6 оқу-ғылыми корпустар және 2 жатақхана.

Бірлескен желі негізінде жүзеге асырылған:

  • IP - телехабар
  • IP- радио

Барлық жұмыс станциялары үшін ШҚМТУ сайттарына қатынау қамтамасыз етілген:

www.do.ektu.kz ШҚМТУ ақпаратты - білім порталына кіру интернет және университеттің жергілікті желісі және оқу-бағдарламалық терминалдары арқылы жүзеге асырылады

3Электронды пошта жәшіктері үшін олардың иелеріне әлемдік желінің кез-келген жерінен қатынау мүмкіндігі жасалған.

Интернетке қатынау өткізу қабілеттілігі 88 Мбит/с жылдамдығымен бөлінген арналар бойынша жүзеге асырылады.

Неғұрлым көп пайдаланылатын және ұйымдастыруды қажет ететін орындарда интернетке қатынаудың WiFi аймағы ұйымдастырылған.

Интернетке қатынауға арналған жалпы және арнайы ақысыз аймақтары бар.

Корпоративтік компьютерлік желілердің негізгі ішкі магистральдары – гигабитті болып келеді.

ШҚМТУ-нің корпоративтік компьютерлік желісінің және телестудиясының пайдаланушылары халықаралық масштабтағы форумдар мен іс-шараларлдың ұйымдастырушылары болып табылады, бұл шараларға президент, Үкімет аппараттары, сондай-ақ облыс пен қала әкімшілігі және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындар қатысып келеді. АТО қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің қатысуымен өткен үш халықаралық форумға техникалық жәрдемді қамтамасыз етті, форумның біреуі Ресей Президентінің қатысуымен өтті.

«Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандыру » IV-ші Халықаралық форумда (2009ж.) Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ «Ең жақсы электрондық университет» дипломымен марапатталды.

ШҚМТУ –дан «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ-2014" байқауында
«2014 -жылдың үздік рационалазиторлық ұсынысы» болып табылды

-осындай номинацияға Өзденбаев Ж.Ш. жетекшілік ететін ақпараттық – техникалық бөлім мамандары құрастырған фотосканер әбден лайық. Фотосканер іске енгізілген. Ол бәрінен бұрын қағаз түріндегі кітаптарды  электрондық түрге көшіру үшін кітапханалық өндірісте қажетті еді. Фотосканер басқа жұмыс түрлеріне де тез қолдану тапты. Сандау операция уақыты ондаған есе қысқарды. Осындай бір қондырғы есебінен құрылған үнем 4,6 миллионнан астам тенге.