Тарихи анықтама

Бөлім 1967 жылы, қыркүйек айында университет ректоры А.К.Сидоровтың бұйрығымен ЭЦВМ «Минск -1»   базасында құрылд және құрылыс –жол институтының есептеу орталығы болып аталды. Оқу, ғылыми, және әкімшілік қызметтерді орындайтын, оқу процессін жүзеге асыруда университеттің және оның бөлімшелерінің ғылыми –өндірістік жұмысының тиімділігін көтеру мен әкімшілік- шаруашылық қызметтің жоғары деңгейін қамтуға  бағытталған институттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Машинаның басшысы болып  «Автоматика» кафедрасының аға оқытушысы Каханов Алексей Александрович тағайындалды. «Минск» ЭЦВМ – нің техникалық ммүмкіндігі аз және жұмыс тиімділгі төмен болды,едәуір орын алды,көп электр қуатын мен  арнайы салқындатуды қажет етті, барлық агрегаттар қатты шу шығарды, сондықтан ЭЦВМ –да жұмыс істеу кезңнде сөйлеу мүмкңн болмады.    Бірақ, сол кездерде  бұл жаңа сөз болды,сндықтан кәсіпорын ұжымдары «ғажап»техниканы көруге институтқа экскурсияға келді.

1969жылыЖҚИ –на жаңа «Минск-1» шағын есептеу машинасы(ШЕМ) пайда болды. «Минск» ЭЦВМ-нің есептеу сипаттамасына қарамастан,ол аз электр қуатын алды, көлемі де шағын және аса жоғары нәтижелі болды.Соңынан бұндай ШЕМ үшеу болды.

1970жылы есептеу орталығының басшысы болып Горький политехникалық институтын 1968 жылы бітіргеннен бастап орталықта істеген Корнев Вячеслав Андреевич бекітілді.1974 жылыЖоғары білім Министрлігі ЖҚИ –насол кездегі жаңа «Минск-32» ЭЕМ–сын бөлді.  ЕО-на үлкен реконструкция жасалды, жаңа штаттар алынды.76-жылдың аяғында институтқа жаңа ЕС ЭЕМ ЕС1022 сериялы есептеу машинасы түсті. Онда студенттердің оқу жұмыстары, курстық және дипломдық жұмыстар жазылды. ЖОО кафедраларының кандидаттық және докторлық есептерін орындады.

ӨСЖҚИ мен МВ бұйрығы бойынша АЖББ мен Қазақстанның ЖОО АСУ-ларын жасаушы топтар қосылды. Иституттың есептеу орталығында  АЖББ мен АСУ жасаушы топтар құрылды. Қаз.ССР мен МВГИВЦ-ға енген «Кадр» саласы жүйесі  жасалды.АСУ тобының  «Сессия», «Ағымдағы үлгерім», Сабаққа қатысу » жүйелері қосылған «Оқу қызметі» комлексі жасалды.

1983жылы ӨСЖҚИ есептеу орталығы Москва экономика-статистика институтымен бірге жаслған «Абитурент»жүйесін енгізуде жалпы одақтық экпримент жасауға қатысты. АСУ тобы түсу емтихандары үшін жасалған «Қабылдау» жүйесін дайындады. Бір ЭЕМ –нің күші жетпегендіктен қаңтар айында Алматыдан күшті ЭЕМ ЕС1035 әкеліп қойылды.

1986 жылы ЕО Юхневич Валентина Антоновна бекітілді.Бұл уақыттарда жеке ЭЕМ-компьютер дамуы пайда болды.Жаңа оқу жылында АЕО –да ПЭКВМ «Искра-226» , «Искра- 1056» базасында дербес машина болды.

1990жылы АСУ және АЕМ бөлімдерінің бағдлармашылары «Абитурент», «Стипендия», «Қабылдау»»»Штаттық кесте». «Оқу қызметі», «Оқу материалдары», «Баспасөзге жазылу», «БФ – ға жазылу есебі», «Келісімші», «АКИД», «Банк»,»Еңбек ақы»жүйелерін жасап енгізді.

ЖОО –ның басшылары, оның ішінде ректор Ю.В.Баталовтың АСУ және АЕМ бөлімінің басшысы В.А.Юхневичтің  күшімен дербес ІЕМ компьютерлері компьютерлік залдарда көбеюде.Басында   базада 286 процессор, одан кейін386 және 486 болды.Қазіргі уақытта әртүрлі модификациялы компьютерлермен оқу залдары толығуда.

2002 жылы ЕО-ында  реконструкция болды.Осы негізде 2 бөлім ашылды.Оқу- есептеу орталығы(ОҚО) мен Ақпараттық – есептеу орталығы(АЕО).

2003 жылдың майында АСУ мен АЕО –ның жаңа бөлімдері Техникалық жастар орталығы(ТЖО)қолдануға берілді.Бұл бөлімнің қызметкерлері төрт компьютр класына қызмет атқарады.

2Сонымен бірге ТЖО–нда  қазіргі заманғы әртүрлі форматты фильмдер көрсететін 50 орындық видезал жабдықталған.  Көшіру – көбейту жұмыстары бойынша қызмет көрсететін және дипломдық, курстық  және басқа студент жұмыстарын жазатын орындары бар.

2005 жылдың  10 қарашасынан 2013 жылға дейін ОЕО бөлімшесін Байбурин Ержан Мұқамеқалиевич басқарды.

2011 жылы Оқу-есептеуорталығы (ОЕО)  Оқу-есептеубөлімшесіне   (ОЕБ) ауыстырылды және Ақпараттық технологиялар департаментінің құрамына кірді. 2013 жылдан бастап бөлімшені Е.Ю Сергазинов басқарады.

Есептеуші машинаның заманға сай ауысуымен, дербес компьютерлер жыл сайын жаңаланып, дамы жалғасуда.

2015 жылы Оқуөесептеу бөліммшесі ақпараттық-техникалық бөлімшесімен біріктіліп ақпараттық-коммуникациялық ресурстарды техникалық қолдау бөлімшесіне өзгертілді және ақпараттық технологияларды басқару кұрамына кірді.