Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Ақпараттық бiлiм беретiн технологиялардың бөлiмшесі

emblem

Ақпараттық бiлiм беретiн технологиялардың бөлiмшесі университеттің Ғылыми Кеңесінің 26.11.2003ж. шешімі негізінде және ректордың 18.12.2003ж. бұйрығымен "Виртуалды институт" атымен құрылған, ол ШҚМТУ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

17.06.2011 ж. "Ақпараттық бiлiм беретiн технологиялардың бөлiмшесі" деп қайта аталады.

1

2

Ақпараттық бiлiм беретiн технологиялардың бөлiмшесі өз қызметін ашық және дистанциондық оқыту аясында жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары оқу орнының және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша кадрлар дайындау саласында жүзеге асырады, сондай-ақ білім беру үдерісіне қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және телекоммуникация құралдарын әзірлейтін және енгізетін құрылым болып табылады.

Виртуалды институт қызметінің негізгі бағыты жаңа ақпараттық және инновациялық технологиялар әзірлеу және оларды жоғары оқу орнының оқу үдерісіне енгізу болып табылады:

  • электронды оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және телекоммуникация құралдарын пайдаланып, оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару жүйесі болып табылатын «ШҚМТУ білім беру порталы» жобасын бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • дистанциондық оқыту әдістерін қолданып, білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.

Виртуалды институттың негізгі мақсаттары:

  • білім мен дағдыларды оңтайлы үйретуді қамтамасыз ететін ашық және дистанциондық білім беру қағидалары мен технологияларын қалыптастыру, дамыту және іске асыру;
  • тиімді оқу-кәсіби бағдарламалары мен технологияларын, ең бастысы, дистанциондық білім беру жүйесін құру, дамыту және енгізу бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік және практикалық қызмет жүргізу;
  • университеттің қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту аясында үйлестіру жұмыстарын жүргізу.