Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Ph.D докторантурасы

Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы» заңының 9 бабына сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 02.11.2012 ж. берген №12016669 лицензиясы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті докторантураның 7 мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқылы (лицензияға қосымша №001 02.11.2012 ж., №003 02.11.2012 ж.).

 

Шифр Атауы
1 6D070200 Автоматтандыру және басқару
2 6D070600 Геология және пайдалы кенорындарды барлау
3 6D070300 Ақпараттық жүйелер
4 6D060100 Математика
5 6D071200 Машинажасау
6 6D070900 Металлургия
7 6D072300 Техникалық физика

 

ШҚМТУ-те философия (PhD) докторларын дайындау келесі көрсетілген құжаттарға сай жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 23 тамыздағы  №1080 қаулысымен бекітілген  «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Докторантура» (ары қарай МЖМС);
  • Докторантура мамандықтардың типтік жоспары;
  • Академиялық күнтізбе;
  • Докторанттардың жеке оқу жоспарлары;
  • Мамандығының жұмыс оқу жоспарлары;
  • Пәндердің оқу бағдарламалары;
  • Докторанттың жеке жұмыс жоспары.

МЖМС сәйкес (PhD) философия докторларын дайындау докторантурада мемлекеттік білім тапсырысы, оқу мерзімі үш жылдан кем емес және тек күндізгі форма бойынша (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесі берілу арқылы жүзеге асырылады.

Докторантура мамандықтарының барлық бағыттары бойынша шетел ғылыми Орталықтары мен оқу ұйымдармен ынтымақтастық туралы келiсiмдер бар. Әрбір мамандық бойынша шетел ғалымдары бірлескен ғылыми және патенттік зерттеулерді жүргізуге қатысады.

PhD докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің ғылыми кеңесшілері Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, алыс және жақын шет елдердегі жоғары оқу орындарының ғалымдары болып табылады. Университетте, докторантура мамандықтары боынша  білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға құқығы бар аккредиттелген шетел жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтармен ғылым және білім саласында ұзақ мерзімді ынтмақтастық келісімдер бар. Атап айтқанда:

  • 6D072300 – Техникалық физика мамандығы бойынша философия докторларын дайындауда біріккен білім бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Отто-фон-Гуэрико атындағы университеттің материалтану және байланыс технологилары институтымен (Магдебург қаласы, Германия, серіктес жоғарғы оқу орны) металлдар мен құймалар физика тармағында, жаңа материалдар және нанотехнологиялар жасауда ынтмақтастық келісімдер бар, ал докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшілер болып инженерия докторлары, профессорлар Шеффлер М. және Мартинек И. жұмыс атқаруда.
  • Клаусталь қаласы техникалық университетімен (Германия), Акита қаласы Ұлтаралық университетімен  (Жапония), Тұңғыш президент Б.Ельниц атындындағы Оралдық Федерелды университетпен (Екатеринбург қаласы, Россия) 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша доктораттарды дайындауға ШҚМТУ – мен ұзақ мерзімді ынтмақтастық келісімдер бар. Аталған шетел оқу орындарынан докторанттардың ғылыми кеңесшілер болып инженерия докторы, профессор Рыспаев Талант Акимжанұлы, инжинерия докторы, профессор Атсуши Шибаяма, т.ғ.д., профессор Зеленин В.И., т.ғ.д. Мамяченков С.В. тағайындалған.
  • 6D070600 – Геология және пайдалы кенорындарды барлау мамандығы бойынша геология, минерагения, жаңа материалдар мен нанотехнологиялар саласында ғылыми зерттеулерді өткізу Ұлыбритания,  Лондон қаласындағы Тарихи табиғат мұражайымен құрылған ынтымақтастық туралы келiсiмі арқылы жүзеге асса, ал осы аталған Тарихи табиғат мұражайында жұмыс атқаратын PhD докторлар, профессорлар Раймар Селтман және Алла Долгополова ШҚМТУ докторанттарының  шетелдік ғылыми кеңесшілері болып табылады;
  • Люблин техникалық университетімен (Люблин қ., Польша), Карлов университетімен (Прага қ., Чехия), Измир университетімен (Измир қ., Түркия), Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетімен (Украина), Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімі Математика институтымен 6D070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы ынтымақтастық туралы шарт-келісім арқылы жүзеге асырылып жатса, жоғарыда атап өтілген шетелдік жоғарғы оқу орындарында жұмыс істейтін ғалымдар: Dr.hab.inz., профессор Войчик Вальдемар;   PhD докторы, ассоцияланған профессор Пецин Павел; т.ғ.д., компьютерлік инженерия факультетінің профессоры Т.М.Яхно; т.ғ.д., профессор Ю.В.Крак; ф-м.ғ.д., профессор Карчевский А.Л. ғылыми кеңесшілер болып табылады.
  • Фират университетімен (Түркия), Сиена университетінде негізделген «Математикалық логика, информатика және биоинформатика» Мектебімен, Баку мемлекеттік университетінің қолданбалы математика ғылыми-зерттеу институтымен 6D060100 – Математика мамандығы бойынша PhD білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында ынтымақтастық туралы шарт-келісім бар. Бұл университеттер 6D060100 – Математика мамандығы бойынша PhD докторанттарын даярлауда серіктес жоғарғы оқу орындары болып табылады. Жоғарыда аталған шетел оқу орындарынан ШҚМТУ докторанттарының ғылыми кеңесшілері болып Сиена университетінің жетекші ғалым-математигі, PhD докторы А.Сорби, Фират университетінің PhD докторы, профессор Етибар Панахов, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ф.м.-ғ.д.,  профессор Алиев Фикрет Ахмедали оглы болып табылады.
  • 6D071200 – Машинажасау мамандығы бойынша PhD докторларды даярлау үшін  ынтымақтастық келісім Вроцлав политехникалақ университетімен бар.  6D071200 – Машинажасау мамандығының PhD докторанттардың докторлық диссертацияларының ғылыми кеңесшілері - Вроцлав политехникалақ университетінің инженерия докторлары Марек Млынчак, Войцех Виелеба және Ярослав Стрычек.
  • 6D070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша PhD докторларды дайындау Люблин техникалық университетімен (Польша) және Обуда қаласындағы университетімен (Венгрия) жасалған ынтымақтастық келісім-шарт арқылы жүзеге асуда. PhD докторантардың докторлық диссертациясының ғылыми кеңесші - Обуда Университетінің «Альба Региа» Орталығының басшысы Гьорг Гьорок.

«ШҚМТУ хабаршысы» ғылыми журналы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті бекіткен 4 ғылым саласы бойынша, атап айтқанда Техникалық ғылымдар, Құрылыс, Әскери Ғылымдар, Жер туралы бағытта диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін баспаға шығаруға арналған басылымдардың қатарына кіреді.

Жоғарғы оқу орны қабырғасында жыл сайын әртүрлі деңгейдегі: халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Онда PhD докторанттар диссертациялық зерттеулерінің мағлұматтарын, сапасын мақұлдауға мүмкіндіктері бар.

Университетте трансмиссиялық және растрлық электрондық микроскоппен, рентгендік дифрактометрмен, әмбебап вакуумдық посттармен, оптикалық микроскоптармен, механикалық сынақтар жүргізу машиналарының кешенімен жабдықталған инженерлік бейіндегі «ІРГЕТАС» зертханасы жұмыс істейді, осы зертхана базасында әрбір докторантқа эксперименталдық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Әрбір докторант шетел ғылым және білім ұйымдарында ғылыми іссапардан өту, сонымен бірге ҚР ішіндегі, алыс және жақын шет елдеріндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу мүмкіндігіне ие.

Атап айтқанда, техникалық бағыттағы мамандықта оқып жатқан докторанттарға барлық шаралар жасалған: инженерлік профильді «IРГЕТАС» зертқанасынды жаңа құрылғыларда эксперементтер жүргізу кестесі бар; олар: электронды микроскоп, жоғары және ультроваккумды құрылғылар, рентгендік дифрактометрлер, әмбебап ваккумды қондырғылар.

Университет материалдық, ғылыми-эксперементтік базаға бай: инженерлік профильді «IРГЕТАС» зертқанасы, 19 компьютерлык сыныбы, соның ішінде 4 жаңа модельді интернетке кіретін коспьютелік сыныптар.

Университет оқу корпустарын сәйкесінше санитарлық нормалар және ережелермен, медициналық қызмет көрсету пункттерімен және қоректендіру нысандарымен жабдықтандырады. Сонымен қатар, докторантурадағы білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті материалды және материалды емес активтерді шаруашылық құзырлықтарына құқықтары бар.