Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Докторантураға түсуге арналған құжаттар тізбесі:

Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар немесе медицина мамандығы бойынша резидентураны бітірген тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды тапсырады:

  • ұйым басшысының атына өтініш;
  • болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  • осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
    (ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0);
    неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau С1/ С1 деңгейі);
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
  • 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Анықтама мекенжайы, тел.:

070004, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, бас ғимарат Г-1-206, Г-1-207, тел. 8(7232)540-495, 8(7232)544-842.