Сіздерді 2013-2014 оқу жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ұйымдастырылатын дайындық бөліміне оқуға түсуге шақырамыз!
Дайындық бөлімінің мақсаты келесі жылы Сізді университетке түсу үшін тапсыруға тура келетін ТКТны (талапкердің кешенді тестілеуін) сәтті тапсыруға дайындау болып табылады.
Дайындық бөлімінің оқу бағдарламасына ТКТда тапсырылатын пәндер кіреді: математика, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы және таңдалынатын пән (физика, химия, география, сурет және сызу).
Дайындық бөлімінде мектеп бағдарламасын бекіту және университетке түскенде ескерілетін қосымша университеттің пәнін (Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі, информатика, сурет, сызу) оқыту қарастырылған.
Дайындық бөлімінде оқыту тек күндізгі оқу түрінде және ақылы негізде жүзеге асырылады. Барлық оқу мерзіміне төлем ақы құны - 90 000 теңге. Оқу 1 қазаннан басталады. Оқу мерзімі 9 ай.
Дайындық бөлімінің тыңдаушыларына университеттің ғылыми кітапханасының қызметі мен интернетті қолдану мүмкіндігі, және сондай-ақ жатақханада тұруға орындар беріледі.
Дайындық бөліміне түсу үшін университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) дайындық бөліміне қабылдау жайындағы арыз;
2) жалпы орта, бастауыш кәсіби немесе орта кәсіби білім жайындағы құжаттың түпнұсқасы мен оның қосымшасы;
3) жеке төлқұжаттың көшірмесі;
4) 3x4 өлшемді 6 фотосурет;
5) 086-У медициналық анықтамасы.
Сіздерді келесі мекенжай бойынша күтеміз: Серікбаев көшесі, 19, Г-1-136 дәрісхана, тел. 8 (7232) 540-285, email: odp@ektu.kz