ШҚМТУ-да сәуірдің аяғында «Теориялық және эксперименттік химия – 2013» студенттердің жоғары оқу орындары аралық ғылыми-практикалық олимпиадасы болып өтті. Оған ШҚМТУ мен ШҚМУ-дың 80-ге жуық студенті қатысты.

Олимпиаданың ашылуында  ШҚМТУ-дың проректоры  Николай Линок, техника ғылымдарының докторы, тау-кен металлургия факультетінің деканы Айтқазы Адрышев, ШҚМУ-дың проректоры, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Ердембеков және басқалар сөз сөйледі.

Екі турдың қорытындысы бойынша 1-ші орынды тау-кен металлургия факультетінің студенті Қуаныш Ермұхамбетов, 2-ші орынды экология және табиғи ғылымдар факультетінің студенті Хасен Темірлан, 3-ші орынды тау-кен металлургия факультетінің студенті Асель Сыздықова жеңіп алды.