p12Салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында, экономика және менеджмент факультетінде «Жас ұрпақтар денсаулықты таңдайды» атты ашық кураторлық сағаты өтті. Бұл аталған шараға деканның оқу бөлімінің орынбасары Ж.С.Аубакирова, деканның тәрбие жөніндегі орынбасары С.К.Ережепова, «ҚЕжС»кафедра меңгерушісі О.В.Куур, кафедраның аға оқытушысы С.Н.Сүйеубаева және аға куратор С.С.Ургушева қатысты. 

Студенттер белсенді қимыл, дұрыс тамақтану, таза ауа және толыққанды демалыс денсаулыққа қажет деген қорытындыға келді. Біздің денсаулығымыз тек өз қолымызда!

Денсаулықты сақтау және нығайту - әркімнің жұмысы. Адамзат - өз тағдырының, бақытының және денсаулығының қожайыны.

«ҚЕжС» аға кураторы Ургушева Самал