Биыл біздің университет өзінің 55 жылдығын атап өтеді. Барлық факультеттерде «Университет мерейтойын лайықты қарсы алу» атты ұранымен шаралар өтіп жатыр.

«ШҚМТУ – 55 жыл! Біздің жастығымыздың көктемі!» атты тақырыбында болған «Студенттік көктем» көркем өнерпаздық байқауға Экономика және менеджмент факультеті де қатысты.

Әдеттегідей барлық факультеттердің студенттері аталмыш шараны дайындауға белсенді кірісті. Күткендегідей, барлығы өздерінің жақсы жақтарын көрсетті. Бірақ, жақсылардың арасында ең жақсы болып Экономика және менеджмент факультетінің студенттері атанды. «Экономы» командасы бірлікті, кәсібилікті, идеялығын, жеңіске деген жігерін, өздерінің дарындылығы мен әзілдерін көрсетті.

Бұның барлығы бізге бас жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді!!!

Омарова З.- 10-БФТ-1, Трещёва Е. –12-БЭ-1