DSC009712011 жылы Қазанның 28-де Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің «Экономика және менеджмент» факультетінің 1 және 4 курсының студенттері арасында Шүлбі аймағының Ішкі Істер қызметінің бастығының орынбасары майор Омаров Бауыржан Сәкеновпен кездесу өтті. Мұнда жастар арасындағы құқықтық бұзушылықтар мен қылмыстар жайында талқыланды.

DSC00976Бұл кездесуді «Қазақстан тарихы және Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Габдулина А.О өткізді. Мақсаты- жастардың сана сезімін жоғарылату, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, заңды құрметтеу. Қаланың құқықтық жағдайын жақсарту үшін құқықтық бұзушылықтар мен қылмыстар жайында сұрақтар талқыланып, қылмыстар жайында нақты мысалдар келтірілді. Ең бірінші көңіл жастардың азаматтық белсенділігіне бөлініп, олардың полицияға қолынынан келсе көмек көрсетуі жайында айтылды. Студенттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарына мамандар толық жауап берді. Мұндай құқық қорғау органдарымен кездесулер жастар арасындағы қылмыстардың алдын алуда және жастарды тәртіптік тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.

Бұл кездесуге ФЭ ж\е М деканы Варавин Е.В, ФЭ және М тәрбие жөніндегі деканның орынбасары Ережепова С.К және құқық бұзушылықтардың алдын алу мен тәрбие жөніндегі төрағасы Цымбол А.П қатысты.

 

ФЭ және М құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәрбие жөніндегі комиссияның төрағасы Габдулина А.О.