Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Шет елдегі магистратура

i3

Сәлеметсіздер ме!!!

Міне, біз сіздермен  шет  елде  білім  алу  жайында  маңызды  ақпаратпен  бөліспекпіз!

Өзіміз тексергендей, қазіргі кезде Еуропаның  қандай да бір елінің  білім  грантына түсу сондай  қиын шаруа емес. Ең бастысы  ештеңеден  қорықпай, дер  кезінде құжаттар жинау! Мүмкіншілік бәрінде де бар! Біз СҚМУ-дан ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша, бакалавр дипломын алғаннан кейін, шет елге магистратураға тапсырып бағымызды сынап едік, нәтижесінде Шығыс Финляндия университетіне IMPIT бағдарламасы бойынша  түстік. Қазір  екінші жыл осында  оқудамыз, өз таңдауымызды Финляндия университетіне берген  себебіміз, қазіргі кезде Фин  білімі, әсіресе техникалық бағытта өте жоғары дәрежедегі талапқа сай. Фин елінің қай университетінен болсын алынған диплом, әлемнің барлық елінде жоғары дәрежеде бағаланатындықтан, болашақ жоғарғы оқу орнын таңдаушылар  үшін бұл өте күшті себеп болып табылады.

Қазір  өз  оқуыңды басқа елде жалғасырға арналған көптеген бағдарламалар бар. Сол бағдарламалардың шарттары  да  әр  түрлі.

Мысалға, сол  бағдарламалардың  бірнешеуін атап өтуге болады:

  • CBUICT – Финляндия-Ресей  шекараластық  университетінің  бағдарламасы (Finish-Russian Cross-Border University (CBU)), құрамында Ресей мен Финляндияның алдыңғы қатарлы университеттері  бар. (бесеуі Ресейдікі, бесеуі Финляндиянікі)

CBUICT –қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологияға  қызығушылығы бар студенттерге арналған бағдарлама. Сондықтан болашақ мамандардың жұмысы:

  • ИСТ(information communication technologies), әлемдік ИСТ компанияларымен  қоса: консалтинг, бағдарламалық қамтамасыз ету дизайны және бағдарламалау және т.б.
  • АТ зерттеу бағыттарымен  байланысты  болады.

Магистрлік бағдарламаның негізгі тақырыптары :

  • Методологияның негіздері, мысалға:  Бағдарламалық   қамтамасыз ету инженериясы
  • Есептеуші  интеллект, мысалға Кескіндеме сараптамасы
  • Қазіргі заманғы инженерия  байланыстары, мысалға Мобильді және радио байланыстары

http://www.master-erasmusmundus-color.eu- “Color in Informatics and Media Technology”(CIMET).Ақпараттық және  медиа  технологиялар ішіндегі түс.