Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Шығармашылық мамандықтар, 5В042000 "Сәулет" және 5В042100 "Дизайн", түсушілер үшін

Шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылдау 20 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін.

Арнаулы шығармашылық емтихандар 2 шілдеден бастап 7 шілдеге дейін.

Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер тек қана бір шығармашылық мамандықты белгілейді.

Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер арнаулы (шығармашылық) емтихандар тапсырады, бұл емтихандарды олар таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізеді.

Бір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл деңгейі - 25. Арнаулы (шығармашылық) емтихандар саны 2-ге тең. Арнаулы (шығармашылық) емтихан бойынша 10-нан кем балл алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер, аталған мамандық бойынша оқуға түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.

Арнаулы (шығармашылық) емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Шығармашылық мамандықтарға түсу кезінде өтініштерді қабылдау жоғары оқу орны орналасқан жерде жүзеге асырылады.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар үшін ҰБТ (немесе кешенді тестілеудің) екі пәні бойынша алған балл сандары есепке алынады: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтихан.

 

Перечень специальностей ВКГТУ c указанием тестируемого и профильного предмета тестирования, формы и сроки обучения факультет инженерии

Шифрі 5В042000 Мамандықтың атауы Сәулет өнері Таңдауы бойынша тестіленетін пән таңдауы бойынша және 2 шығармашылық емтихан  (сурет, сызу) Бейіндік пән 1-ші шығармашылық емтихан (сурет) Мектеп, лицей, гимназия, училище негізінде оқу мерзімі, күндізгі Колледж негізінде оқу мерзімі, күндізгі
5В042000 Сәулет өнері таңдауы бойынша және 2 шығармашылық емтихан  (сурет, сызу) 1-ші шығармашылық емтихан (сурет) 5 4
5В042100 Дизайн таңдауы бойынша және 2 шығармашылық емтихан (сурет, сызу) 1-ші шығармашылық емтихан (сурет) 5 4

 

Грантқа ие болу конкурсына қатысу өтініштерін қабылдау 23 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін

Грантқа ие болу конкурсына қатысудың құжаттар тізбесі ( ҰБТ және КТ өткендер үшін):

  • Белгіленген үлгідегі бланкке жазылған өтініш
  • Білім туралы құжат (түпнұсқасы), (аттестат немесе диплом қосымшасымен бірге)
  • ҰБТ немесе КТ нәтижелері көрсетілген сертификат 
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама
  • Екпе картасының көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Жеңілдікті растайтын құжат көшірмесі (жетімдер мен мүгедектер үшін)
  • Әскери куәліктің көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Қабылдау комиссиясының қызметтері үшін алынған төлемақы туралы түбіртек 
  • Файл

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысудың үшін қажет: 

Ең төмен балл деңгейі - 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде.

Кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.

Конкурс 1-10 тамыз аралығында өткізіледі.

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша ақылы негізде күндізгі және сырттай оқу түріне түсу үшін қажет: Ең төмен балл деңгейі - 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде.

ТКТ тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.

Студенттер қатарына қабылдау 10 тамыздан бастап 25 тамызға дейін

 

Университетке қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • Белгіленген үлгідегі бланкке жазылған өтініш
  • ҰБТ немесе КТ нәтижелері көрсетілген сертификат
  • Грантқа ие болу куәлігі
  • Білім туралы құжат (түпнұсқасы), (аттестат немесе диплом қосымшасымен бірге)
  • Нострификацияға өтініш (шетел аттестат немесе диплом бар адамдарға)
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
  • Оқуға төленген түбіртектің көшірмесі (ақылы түрде оқитындар үшін)
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама
  • Екпе картасының көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Жеңілдікті растайтын құжат көшірмесі (жетімдер мен мүгедектер үшін)
  • Әскери куәліктің көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Қабылдау комиссиясының қызметтері үшін алынған төлемақы туралы түбіртек
  • Файл

 

Анықтама үшін телефон

  • Инженерия факультеті - 54 09 40
  • Қабылдау комиссиясы - 54 03 54, 54 13 09

Сызу мен суреттен тапсыратын шығармашылық емтиханды жүргізу бағдарламасы.