Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Инженерлі-педагогикалық 5В012000 "Кәсіптік оқыту" мамандығына түсушілер үшін

ТАЛАПКЕР - 2017

Инженерлі-педагогикалық 5В012000 "Кәсіптік оқыту" мамандығына түсушілер үшін:

Мамандық бойынша арнайы емтиханға 20 маусымнан бастап 18 тамызда дейін өтініштерді қабылдау жоғары оқу орны орналасқан жерде жүзеге асырылады.

Арнайы емтихан 20 маусымнан бастап 18 тамызда дейін таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізеді. Арнайы емтихандар бағаланады -  «рұқсат етіледі» немесе «рұқсат етілмейді».

Арнайы емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Грантқа ие болу конкурсына қатысу өтініштерін қабылдау 23 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін.

Грантқа ие болу конкурсына қатысудың құжаттар тізбесі ( ҰБТ және КТ өткендер үшін):

  • Белгіленген үлгідегі бланкке жазылған өтініш
  • Білім туралы құжат (түпнұсқасы), (аттестат немесе диплом қосымшасымен бірге)
  • ҰБТ немесе КТ нәтижелері көрсетілген сертификат
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама
  • Екпе картасының көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Жеңілдікті растайтын құжат көшірмесі (жетімдер мен мүгедектер үшін)
  • Әскери куәліктің көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Қабылдау комиссиясының қызметтері үшін алынған төлемақы туралы түбіртек
  • Файл

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысудың үшін қажет:

Ең төмен балл деңгейі - 100-ден 60 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде және арнайы эмтиханның қорытандысы.

Грант тағайындау конкурсы 1-10 тамыз аралығында өткізіледі.
Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша ақылы негізде күндізгі және сырттай оқу түріне түсу үшін қажет: Ең төмен балл деңгейі - 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде және арнайы эмтиханның қорытандысы.

ТКТ тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.

Студенттер қатарына қабылдау 10 тамыздан бастап 25 тамызға дейін

 Университетке қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • Белгіленген үлгідегі бланкке жазылған өтініш
  • ҰБТ немесе КТ нәтижелері көрсетілген сертификат
  • Грантқа ие болу куәлігі
  • Білім туралы құжат (түпнұсқасы), (аттестат немесе диплом қосымшасымен бірге)
  • Нострификацияға өтініш (шетел аттестат немесе диплом бар адамдарға)
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
  • Оқуға төленген түбіртектің көшірмесі (ақылы түрде оқитындар үшін)
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама
  • Екпе картасының көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Жеңілдікті растайтын құжат көшірмесі (жетімдер мен мүгедектер үшін)
  • Әскери куәліктің көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  • Файл

Анықтама үшін телефон

Инженерия факультеті - 54 09 40

«Жалпы инженернлік дайындық» кафедрасы - 87774062255

Қабылдау комиссиясы - 54 03 54, 54 13 09