Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Стенд-моб» - «Менің кәсібім - еліміздің гүлденуінің  кілті» акциясы аясында кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастыруда.

2017 жылдың 14 қарашасында «Стенд-моб» акциясы Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов қалалық кентінде өткізілді. Диалогтік алаң қызметін  «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ атқарды. ШҚО Білім беру басқармасының бас маманы Асем Айдарбековна Журтбаева кәсіптік бағдар беру іс-шарасы жоғары әрі шығармашылық деңгейде өтті деген пікір білдірді.

Әсіресе Бизнес және Кәсіпкерлік мектебінің оқытушылары мен студенттері, атап айтқанда «Инновация Менеджменті» кафедрасы ерекше көзге түсті. Олар ұлттық валюта күніне арналған викторина ұйымдастырды, іс-шара аясында қызықты конкурстар өткізілді. Сонымен қатар, мектеп бітірушілерінің алдында "Инженерия"  факультетінің деканы М.В. Дукин және «Машина жасау» кафедрасының меңгерушісі В.Н. Вдовин сөз сөйледі.