«Шығыс маржаны» байқауы

 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да университет тарихында тұңғыш рет «Шығыс маржаны» байқауы өтті. Университеттің 52 еңбегі сіңген қызметкерлері төмендегі номинациялар бойынша байқауға қатысуға өтініш тапсырды:

  • «Қайраткер тұлға»;
  • «Әйел және кәсіби карьерасы»;
  • «Өнерлі тұлға»;
  • «Ана жүрегінің жылуы»;
  • «Шығыс маржаны»;

ЛУЧШИЕ ИЗ ЛУЧШИХ ЛУЧШИЕ ИЗ ЛУЧШИХ

5- наурызда конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. «Әйел және кәсіби карьера» номинациясы бойынша химия, металлургия және байыту кафедрасының меңгерушісі Наталья Куленова жеңімпаз атанды, «Ана жүрегінің жылуы» номинациясында денетәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Любовь Асмолова, «Өнерлі тұлға» номинациясында аспап жасау және технологиялық процестерді автоматтандыру кафедрасының профессоры Дарья Алонцева, «Қайраткер тұлға» номинациясында университет кітапханасының жетекшісі Риза Бегимова жеңімпаз болды.

«Шығыс маржаны» номинациясына "Су және орман ресурстары" кафедрасының аға оқытушысы, ИТжБ факультеті бірінші курсының докторанты Индира Сағынғанова лайық деп танылды. Номинациялар жеңімпаздарына дипломдар және 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Байқау мерекелік концертпен жалғасты, оған ШҚМТУ-дың хореографиялық ұжымдары, студенттер және оқытушылар қатысты.

 

Жанат Намысбаева