Университетімізде 19.09.16 - 30.09.16 аралығында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай  «Қазақ атын танытсын әлемге, үш тұғыр тіл: қазақ, орыс, ағылшын» тақырыбында Тілдер онкүндігі өтті. Университет рекреациясында өткен Онкүндіктің ашылу рәсімінде Тіл туралы бейнебаяндар көрсетіліп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылып, 1 курс студенттерінің қатысуымен флеш-моб орындалды.    

20.09-23.09.16 аралығында «Эрудит», «Пушкин», «Абай» клубтарының тұсаукесерлері өтті. 

Бірінші курс студенттері «Тілім менің – ғасырлардан аманат» тақырыбында өткен эссе байқауына қатысты. Орыс тілінде жазылған эссе байқауының нәтижесі:

  • 1 орын – Норветкин Илья 16 АР-1,
  • 2 орын – Мухамедова Амина 15-ТТ-1,
  • 3 орын – Русланова Камила 16-УДК-1.

қазақ тілінде:

  • 1 орын – Үсен Жазира 16-МКК-1, 
  • 2 орын – Асылбеков Ерасыл-16-ТМК-2, 
  • 3 орын – Әнуарбекова Балшекер 16-ГРК-1.

22.09.16 кітапхананың оқу залында «Егемен елдің ұлы мейрамы» тақырыбында ауызша журнал өткізілді.

19-28.09.16 «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында қабырға  газеттері байқауына 19 топ қатысты.  Байқау нәтижесі бойынша:

  • 1 орынды – 16-МКК,
  • 2 орынды – 16-АУК,
  • 3 орынды – 15-ТТ-1 топтары иеленді.

23.09.16 15-БМК-1 және 15-БФК-1 топтарының қатысуымен «Тілі бұлдыр халықтың болашағы бұлыңғыр» тақырыбына дебат турнирі өтті. Дебат барысында Союзбек Эльдар 15-БЭТК үздік спикер, ал Ермуханбетова Ақмарал 15-БЭК-1 үздік модератор ретінде танылды. 

26.09.16 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Сен жанбасаң лапылдап...» тақырыбына өткен авторлық шығармалар байқауында:

  • 1 орын – Қозытай Ұлдана (1 курс, ШҚМТУ), 
  • 2 орын – Муратханов Ерасыл (1 курс ШҚМТУ),
  • 3 орын – Алтынғадыс Күнтуғанұлы (ШҚМУ, 2-курс),
  • «Үздік қаламгер»  номинациясы – Қаңтаев Тілек (1 курс ШҚМТУ),
  • «Тәуелсіздік жыршысы» номинациясы – Абдрахман Еркін 1 курс ШҚМТУ, 
  • «Үздік көркем оқушы» номинациясы – Жанар Рахатқызы (2 курс ШҚМТУ),
  • «Жас ақын» номинациясының – Бидаке Манат (ВКГУ 2-курс) иегері атанды.

27.09.2016 жылы "Бір ел - бір кітап" акциясының аясында Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған семинар өткізілді. Ең үздік баяндамалар деп танылған студенттер ШҚМТУ-і колледжінің студенті Ерхат Баямбетов және 16-Бу-1 тобының студенті Ильдар Ниязов.

28.09.16 16-ТМК-2 және 16-ССК-2 топтарының арасында  «Сан халықтың басын қосқан Туған ел» тақырыбына білгірлер байқауы өтті;

30.09.16 «Қазақстан – Ұлы Дала елі» Тілдер онкүндігінің жабылу салтанаты ұйымдастырылып өткізілді. Салтанатты шараға АТжБ факультетінің деканы  Н.Ф. Денисова және  Сапа және білім беру технологияларын дамыту орталығының аға ғылыми қызметкері   М.Ф. Юсубалиева шақырылды. Атаулы шарада Онкүндіктің қорытындысы хабарланып, үздіктер марапатталды. Жүргізушілер үш тілде сөйледі. Кеште 16- БМ-1 тобының студенті Е. Чащевая Елена,  16-ССК тобының студенті  Әлтаев Сағдат және колледж студенті Зарлыханов Е. (16-Мет-2)  өз өнерлерін көрсетті.

Қазақ, орыс тілдері кафедрасы