2016 жылғы 19 қыркүйек күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Тілдер онкүндігі басталды. Үлкен үзіліс кезінде университет фойесінде оқытушылар мен студенттер жиналды. Жүргізушілер бағдарламаны үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізді. Іс-шара бағдарламасында қазақтың «Қара жорға» биі, орыс және ағылшын билері биленді. Барлық қатысушыларға қызық әрі көңілді болды. Іс-шараның соңында шашу шашылып, Қазақстан туралы бейнеролик көрсетілді.

Decade_lang_1 Decade_lang_2

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан халқының Тілдер мерекесі 1998 жылғы 20 қаңтарда ҚР Елбасының Жарлығымен жарияланып, осы күнге дейін қазақстандықтардың ортақ мейрамы болып саналып келеді. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де 15 түрлі ұлт пен ұлыс бірігіп оқып жатыр. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз тілін ұмытпай, бірақ қазақ, орыс және ағылшын тілінде сөйлеуіміз туралы алдымызға міндет қойды. Міне, сол үшін мемлекет тарапынан үштілді білім беруге көбірек көңіл бөлінуде. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де 2015 жылдан бастап көптілді білім беруді дамытуға бағытталған «Үштілділік-табыс формуласы» жобасы іске қосылды. Халықтың баға жетпес байлығы - ТІЛ!

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі