А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында талантты жас суретші, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ түлегі Есбол Нұрсадықовтың «Көк жүзінде бүркіт қалықтайды» атты көрмесі болды.

Орел, парящий в небесах Орел, парящий в небесах

Көрмеге қала мен облыстың белгілі суретшілері, жастар өкілдері, ШҚМТУ-дың «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттер қатысты.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Н.Аштема және Е.Тұрғанбаев, Қазақстан Республикасы театр қайраткерлері одағының мүшесі Қ. Қадірбеков, облыстық өнер мұражайының қызметкері Л.Мартынова және Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар орталығының директоры Р.Ахметжанов Е.Нұрсадықовты тұңғыш көрмесімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Жас суретшінің жұмыстарының тақырыбы еліміздің ұлттық мәдениетімен тығыз байланысты. 2010-2014 жылдары Е.Нұрсадықов Шығыс Қазақстан суретшілерінің Ақбауырға, Абай ауданына, 2015 жылы Таинтыға халықаралық пленеріне қатысты. Сондай-ақ «Менің Қазақстаным», «Абайға 170 жыл» облыстық конкурстарына өз шығармаларын ұсынды. Бүгін оның картиналары «Арт-Пенза» әлемдік заманауи өнер галереясы ұйымдастырған «Нұрланған періште» атты көркемсуреттің әлемдік конкурсына қабылданды.