18-19 сәуір аралығында Душанбедегі Ресей-Тәжік (славян) университетінде «Қазақстанның білім беру күндері» білім көрмесі өткізілді

Ашылу салтанатына Тәжікстандағы Қазақстан Республикасының елшілігінің, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, оқытушылар, жоғары оқу орындары студенттері және мектеп оқушылары қатысты.

Тәжікстандағы Қазақстан елшісі Нурлан Сейтимов өз құттықтау сөзінде қазақ-тәжік қарым-қатынастары барлық салаларда, соның ішінде білім және ғылым саласында серпінді және үдемелі дамып жатқанын атап өтті.

Көрмеге Қазақстанның 21 жоғары оқу орны қатысты. Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-ды  интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкері Анель Белгібаева таныстырды. Көрме барысында жоғары оқу орындарының өкілдері Тәжікстандық студенттер мен талапкерлерге білім беру мүмкіндіктері мен жоғары оқу орындарында қолданыстағы халықаралық бағдарламалар жайында әңгімеледі.

Хаёл Бобоев, Тәжікстан технологиялық университетінің халықаралық қатынастар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі