2016 жылғы 30  қыркүйек күні салтанатты түрде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ–і студенттерінің қатарына қосылған бірінші курс студенттерін құттықтау рәсімі өткізілді! 1500 астам талапкер еліміздің жетекші техникалық университеттерінің бірінде студент атанды.  

Салтанатты рәсімге университетті басқарудың жоғарғы алқалы органы –Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ–нің Ғылыми кеңес мүшелері және университеттің профессор –оқытушылар құрамы қатысты.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ–нің ректоры, профессор Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов университеттің студенттер қатарын толықтырған бірінші курс студенттерін құттықтап, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыруда оларға сәттілік тіледі.

- Бүгін біздің қарашаңырақта мағынасы өте маңызды іс-шара өтіп жатыр. Құрметті әріптестер, бүгін біздің университетімізде ұжымымыз үшін, жалпы барлығымыз үшін маңызды күн. Бүгін мұғалімдер күні қарсаңына орай студенттік бауырластық қатарына мектеп түлектерін қабылдап жатырмыз. Сендер осы мықты жоғарғы оқу орнының мықты студенттері болатынына сенімім мол. Осы университеттің түлектерімен мақтанатындай болашақта сендерді де мақтан тұтамыз деп ойлаймын. Барлықтарыңа ақ жол тілегім келеді, құрметті студенттер, - деді университет ректоры Ж.Шаймарданов.

Одан әрі іс- шараны білім факелін жағу рәсімі жалғастырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, геологиялық-минерологиялық ғылымдарының докторы, профессор Дьячков Борис Александрович, ақпараттық технологиялар мен бизнес факультетінің докторанты Сағынғанова Индира Кеңесқызы, ақпараттық технологиялар мен бизнес факультетінің магистранты Сапарова Асияна Абдулмажидқызы студенттерге факелді табыстады.

Инженерия факультетінің деканы, техникалық ғылымдарының докторы Дудкин Михаил Васильевич «Алтын белгі» иегерлері Отаров Ерасыл және Мурзағалиева Алияға Символикалық студенттік билетті табыстады. Ақпараттық технологиялар мен бизнес факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Денисова Наталья Федоровна, Жер туралы ғылымдар факультетінің профессоры Ипалаков Төлеген Тұрсынұлы «Алтын белгі» иегерлері Камелова Аяулым және Талинин Константинге символикалық сынақ кітапшасын табыстады.

 «Бірінші курс студенттерінің ант беру рәсімі» өткізіліп болған соң, студенттердің әнұранын («Гаудеа́мус») көптеген Халықаралық байқаулардың жеңімпазы,  Астанадан келген қонағымыз Азат Тұранел орындады.

Бірінші курс студенттерін құттықтау үшін орындалған хореографиялық бишілер тобының билері мен күміс таңдай әншілердің орындауындағы әндер көрермендердің көңілінен шықты.