2015 жылғы 2 тамызда №27943 әскери бөлімнің базасында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың әскери кафедрасының студент-курсанттары салтанатты ант берді. 

Курсанттарға арналған сөзінде №27943 әскери бөлімі командирінің орынбасары Сәбит Өркенбаев:

-Бүгін сендер Отанды қорғауға серт бердіңдер, оған адал болыңдар, ал бүгінгі күн сендердің естеріңде өмір бойы қалады, - деді.

Сондай-ақ курсанттарды ШҚМТУ әскери кафедрасының бастығы Олег Манцуров, қарулы күштердің құметті ардагері, отставкадағы подполковник Виктор Лях, соғыс және еңбек ардагері Айтқазы Ахметкалиев пен курсанттардың бірінің анасы Алма Пазылова құттықтады.