Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ жанындағы "Жас Отан" ЖҚ, аталмыш университет жанынан құрылған "Нұрлы жүрек" еріктілер клубы, сонымен қатар "Серпін" штабының белсенділері «Өскемен-Тәртіп» қызметкерлеріне көмектесіп қайтты. Бұл іс-шараның ерекшелігі жастар кәсіпорынның бір күндік жұмыс кестесімен танысып, солардың қатарларында болуы. "Серпін" штабының белсенділері жұмыстың қиын екендігіне өздері көз жеткізді. Әсіресе диспетчерлік бөлімге қаланың әр түкпірінен тоқтаусыз келіп жатқан қоңыраулар. Осы қоңыраулар бойынша әр ауданға жауапты қызметкерлер қажетті көмек көрсетеді.

Белсенділер Защита ауданына жауапты мамандармен бірге жүріп, шамамен 230-250-ге жуық құм салынған қаптарды тиеп, қажетті жерлерге төсеуге, жолға жиналып қалған сулардың ағуы үшін арықшалар дайындауға көмектесті. Жастар қаламыздың тұрғындарын осындай іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады. 

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ жанындағы "Жас Отан" ЖҚ төрағасы Айдос Әділбеков