Мамырдың аяғында Чехия республикасы Плзень өлкесінің делегациясы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға келіп қайтты. Бұл чех жағының екінші сапары. Алғашқысы 2012 жылғы қазан айында болған. Бұл жолы меймандар ЖОО басшылығымен және факультет декандарымен ынтымақтастықты тереңдету жолдары жайлы ақылдасты.

Кездесу барысында ынтымақтастықты орнатудың жолдары талқыланды. Кездесуді қорытындылай келе ШҚМТУ-дың проректоры Олег Гавриленко чех делегациясы өкілдерінің ақпараты өзара ынтымақтастықтың тереңдеп отырғанын аңғартанынын атап айтты. Бұл күндері Батыс Богемия (Чехия) университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қою жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Таяуда ШҚМТУ мен осы университет арасында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылады. Жемісті әріптестік орнатудың барлық жағдайлары бар.