20 қыркүйек күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де Тілдер күні онкүндігінің аясында «Soleil» және «Эрудит» клубтарының онкүндігі өтіп жатыр. Клубтың өкілдері студенттерді өз клубтарымен таныстырды.

«Soleil» клубының ұйымдастырушысы, тарихи ғылымдарының кандидаты Сәуле Уалиева клубты құрудың мақсаты туралы айтып өтті.

- Шетел қонақтарымен, ғалымдармен және профессорлармен кездесіп, әңгімелесу үшін және ағылшын тілінде сөйлеу тәжірибесін дамыту үшін «Soleil» құрылды. Клубтың негізгі міндеті: түрлі елдердің әлеуметтік өмірімен, салт-дәстүрімен және мәдениетімен танысу, ағылшын тілінің сөйлеу дағдысын жақсарту және дамыту, шетел қонақтарымен, ғалымдармен және профессорлармен әңгімелесу. Клубтың жұмысы ағылшын тілінде өткізіледі, - деді Сәуле Увалиева.

Келесі «Эрудит» зияткерлік клубы таныстырылды. Клуб қазақ және орыс тілдері кафедрасымен ұйымдастырылған. Ол клубтың мақсаты: ұлттық мәдениетті түсіндіру формасы ретінде тілді сезіну және студенттердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту.

- Бүгінгі таңда, заманауи қоғамның сауаттылығы мен білім беру деңгейінің бөлігі болып отырғандықтан, қазақ тілі құндылығымыздың бірі болып есептеледі. Қазақ тілі Қазақстан Республикасы азаматы әлеуетінің дамуы мен жетілуіне, мансаптық жолда өсуіне жеткізер бірде-бір кілт болып табылады. Қазіргі уақытта, мемлекетіміз елдің барлық азаматтарымен қазақ тілін интенсивті үйрену жолында түрлі бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асыруда, - деп, сөзін түйіндеді клуб жетекшісінің бірі Алия Бакиева.

«Эрудит» клубының мақсаттарына сәйкес зерттеу жұмыстарының дағдыларын, жоба қызметін әзірлеу; қазақ тіліндегі ұсынымдарды және олардың мүмкіндіктерін кеңейту, сөйлеу мәнеріне үйрету, сөздік қорын молайту болып табылады.

Құрметті студенттер! Сіздерді «Soleil» клубы және «Эрудит» зияткерлік клубына шақырамыз!