Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбековтың студенттермен дәстүрлі кездесуі болып өтті. Аяқталып келе жатқан оқу жылын қорытындылай келе ол студенттердің белсенділігі нәтижесінде жоғары оқу орны оқу, ғылым, спорт және қоғамдық қызмет саласында айтарлықтай табыстарға жеткенін атап көрсетті. Олимпиадаларда, конкурстарда, әртүрлі жарыстарда көптеген марапаттар жеңіп алуымызға студенттердің табысты оқуына, жайлы тұрмысына қажетті жағдайлардың барлығы жасалып  отырғаны әсер еткені сөзсіз.

Студенттер университет басшылығына және оқытушыларына жан-жақты даму үшін жағдай тудырып отырғанына алғыстарын білдірді. Өз кезегінде университет ректоры олимпиадалар мен конкурстардың барлық жеңімпаздарына алғыс айтты, бұл жеңістер мен жетістіктер ШҚМТУ-дың беделін көтеруге қосылған лайықты үлес.

Кездесуде ректорға көптеген сұрақтар қойылды, студенттер өз сұрақтарына толық жауап алды.

Кездесуді қорытындылай келе Нұрлан Темірбеков күн сайын өз адресіне әртүрлі сұрақтар көптеп түсетінін, олар уақытылы шешімін табатынын хабарлады. Бұл бағыттағы жоспарлы жұмыс жалғаса береді.