Бұл шара жоғары оқу орындарының «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша студенттері арасында өткен айдың аяғында өтті. Ол біздің университетте алғаш рет өткізілді, сондықтан да тау-кен өнеркәсібінде карьера жасауға талпынғандар үшін маңызы зор. 

II ЭТАП РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЫ

Олимпиадаға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің, Рудный индустриалдық институтының, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдері келді. 

Ұйымдастырушылар кен ісі саласында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуды, зерттеу, өндірістік және әкімшілік қызметте таланттыларды анықтауды, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану қабілетін дамытуды, жоғары оқу орындары мен кен ісі мамандарын даярлауда кәсіби іскерлік қарым-қатынас орнатуды көздеді. 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломын және Texel TM-8051 X-Pad Force 81 планшеттік компьютерін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың студенті Темірлан Биахметов жеңіп алды. 

ШҚМТУ-дың студенті Илья Ильин және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен қатысқан Арлан Елеусізовке II дәрежелі диплом және сыртқы HDD 2.5 "Transcend 1 TB USB 3.0 TS1TSJ25H3P" берілді. 

III дәрежелі дипломды ШҚМТУ-дан Самат Айқанов, Рудный индустриалдық институтынан Андрей Берендеев, сондай-ақ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен Нұрбол Жүнісов алды, оларға Xiaomi 16000mAh silver портативті қоректендіру табыс етілді. 

Республикалық олимпиаданы ұйымдастырушылар олимпиаданың демеушісі "Казцинк" ЖШС компаниясына ерекше алғыс айтады, сондай-ақ жеңімпаздарды құттықтап, оларға шығармашылық бастамаларында табыс тілейді.