Kazakhstan Spelling Bee – 2017 ағылшын сөздерінің емлесін білу бойынша өткен ұлттық байқаудың 1-кезеңінде  2-орынды иеленген университетіміздің 1 курс студенті Ерсұлтан Мықтыбековті құттықтаймыз.

Байқау 12 ақпанда АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына  орай және «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жоба сын жүзеге асыру шеңберінде А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында өтті.

Байқауға облыс университеттері мен  колледждерінен 40 студент қатысты.  Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушысы Стефани Корвин (АҚШ) пронаунсер ретінде  байқауға қатысушыларға сөздерді оқыды.

  • 1-орын – Дина Хиссамиевна (Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университет, 3 курс );
  • 2-орын Ерсұлтан Мықтыбеков (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, 1-курс);
  • 3-орын – Камила Мұхамадиева (Қазақстан Американдық еркін университеті).

Біздің жеңімпаздарымыз дипломдармен және АҚШ елшілігінің атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал ең бастысы 4 наурызда Астана қаласында өтетін ұлттық байқаудың екінші кезеңіне «жолдама»  алды.

Шетел тілдері