ШҚМТУ оқытушысы Д.Алонцева - TechWomen 2015 бағдарламасының қатысушысы: Соликон алқабындағы бес естен кетпес тәжірибе аптасы Сан-Франциско қаласының Калифорния және Вашингтон қ. АҚШ.

TechWomen бағдарламасы деген не? TechWomen - бұл 2010 жылы АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің, атап айтқанда білім және мәдениет жөніндегі мемлекеттік бюро мен Халықаралық білім институтының бастамасымен жасалған ауысу және кәсіби тәлімгерлік бағдарламасы. Биыл аталмыш бағдарлама кеңейтіліп, оған Орта Азиядан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Түркіменстаннан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан әйелдер енгізілді. Ақпаратқа, оқуға, лауазымдық өсімді, арманға жетуді қамтамасыз ету үшін, оларды TechWomen саласында өз елдерінің қыздары мен әйелдері үшін TechWomen Африканың, Орталық Азияның, Таяу Шығыстың ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы көшбасшы жаңа ұрпағын біріктіріп, көмек көрсетеді.

2015 жылы TechWomen 19 елдің 99 қатысушысын қамтыды (Қазақстаннан 4 адам болды, қатысушыларға талап пен конкурстық таңдау туралы мынадан оқыңыз: https://www.techwomen.org) Олар кәсіби, мәдени тәлімгерлік және өз елдерінде өмірді жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалар жасауға дағдыланды. Бағдарламаға қатысушыларға Соликон алқабындағы жетекші компанияларда (Сан-Франциско, Калифорния), атап айтқанда Google, Yahoo, Twitter, LinkedIn, Instagram, Mozilla, Juniper Networks, Tesla Motors және басқаларда дағдыланудан өтуге мүмкіндік жасады, сондай-ақ көшбасшылық салаларды дамыту ,Старт-Аптарды және басқаларды жасау жөнінде семинарлар мен тренингтер өткізді, атақты бизнес-лидерлермен мысалы (Элизабет Холмс, Theranos) және АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің, Вашингтонда халықаралық білім беру министрлігінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырды.Сондай-ақ, барлық қатысушылар өз елдерінде жүзеге асыратын (Қазақстанда жетім балаларға жоғары білім алуға көмектесу жобасы) өз командалық әлеуметтік жоба жасады.

Біздің ЖОО-дан TechWomen бағдарламасына аспап жасау және технологиялық прцестерді автоматтандыру кафедрасының профессоры, конденсирленген жағдайдағы физика саласының жетекші зерттеушісі, жаңа материалдар мен процестерді талдау саласын 15 жыл зерттеп келе жатқан Дарья Львовна Алонцева қатысты. Қазір ол мемлекеттік қаржыландырудағы үш жобаның, олардың екеуі британдық ғалымдардың қатысуымен, ғылыми жетекшісі, 2015 жылы Дарья Алонцева TechWomen бағдарламасына қатысу үшін таңдап алынып, Juniper Networks (АҚШ) компаниясында тағылымдамадан өткен.

Ол өзінің TechWomen-ге қатысу тәжірибесі туралы былай деді: менің кәсіби жобамды бір сөйлеммен сипаттауға болады: «ақпаратты қорғау, жобаларды, зерттеулер мен талдауларды қорғау қызметіндегі жаңа технологиялар, сондай-ақ әйелдерді компаниялар өнімділігін арттырудың және қоғамдық әл-ауқатты жақсартудың факторы ретінде жұмысқа тарту. Тағылымдамада көріп-білгенімнің барлығын кәсіби өсу үшін және елімнің игілігіне жұмсаймын. Ең алдымен жаңа технологиялар көмегімен жобаларды басқаруды жақсартамын.Ағылшын тілін білуім анағұрлым тереңдеді, кәсіби байланыстар аясы кеңейді. Енді профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер үшін семинар өткізіп, біздің әлеуметтік жобаны іске асырамын.

Мен TechWomen жобасына, мұндай тәжірибе алуға жағдай жасаған халықаралық бөлім мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға разымын. Сондай-ақ университетімізде ағылшын тілін меңгеруді дамыту жөніндегі бастамасы мен батыл шешімдері үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймардановқа алғыс айтамын. Бұл бастаманың маңызы өте зор, оның ішінде TechWomen бағдарламасының жаңа қатысушыларын әзірлеу үшін де.