p12Қазақстанда ректорлардың төрт аймақтық кеңесі жұмыс істей бастады. Олардың мақсаты - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді дамыту, оқу-тәрбие процесін, ғылыми жұмысты ұйымдастырудағы, ғылыми-педагогикалық кадрлардың шеберлігін арттыру, аймақтағы толассыз білім жүйесін жетілдіру, сондай-ақ аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына жоғары мектептің ықпалын күшейтудегі оңды тәжірибені жинақтап, тарату.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстанның Шығыс аймағы ЖОО ректорларының құрылтай мәжілісі өтті. Оған Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының ЖОО-ның ректорлары қатысты.

Қазақстан-Америка еркін университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Е.А.Мамбетқазиев Шығыс аймағы ректорлар кеңесінің төрағалығына Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Нұрлан Темірбековтың, оның орынбасарлығы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Серік Өмірбаевтың кандидатураларын ұсынды. Кеңестің құрылтай мәжілісіне қатысқандар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.