2016 жылдың 10 желтоқсан күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне Өскемен қаласының № 27 орта мектебінің және Глубокий ауданы бойынша орта мектептерінің түлектері, мұғалімдері және ата-аналары келді.     

Алғашқы сөз оқу-әдістемелік  жұмысы жөніндегі проректор Н.Н. Линокке берілді, ол техникалық білімнің, бітірушілерді жұмысқа орналастырудың перспективалары, материалдық-техникалық базасы және университеттің халықаралық серіктестері, студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы айтты.

Факультет мамандықтарының презентациясын факультет декандары мен оқытушылары жасады. Жоғары техникалық колледжінің мамандықтары туралы колледж директоры Е.К. Сағынғанов айтып берді.

Университет зертханаларына жасалған экскурсия оқушылардың ерекше қызығушылығын оятты. Қонақтар «Робототехника, мехатроника және электроника», «SIEMENS және MITSUBISHI ELECTRIC фирмаларының контроллерлерін бағдарламалау», «Түсті, асыл, сирек және шашыранды металдар металлургиясы», «Машина жасау» зертханаларын көрді.

Кездесу барысында бітірушілер университетке және Жоғары техникалық колледжге түсу сұрақтарына, дайындық курстары және конкурстар мен олимпиадаларға қатысу тәртібі туралы  ақпараттарды жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінде  алды.

Мектептер мен колледждерді кәсіби бағдар шараларын бірлесіп өткізуге шақырамыз.

ЖОО дейнгі дайындық, университетке қабылдау және бітірушілерді жұмысқа орналастыру басқармасы. Тел. 540-354, эл.адрес:odp@ektu.kz.