Университетте «Болашақ энергиясына бағытталған пәнаралық тәсіл» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Олег Гавриленко, «Энергетика және техникалық физика» кафедрасының меңгерушісі Сергей Плотников, «Энергетика және техникалық физика» кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің магистранттары, докторанттары және студенттері қатысты.

Pirosiani_1

EXPO-2017 қарсаңында конференцияның тақырыбы Қазақстан үшін ерекше маңыздылыққа ие болып, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Доктор Хассан Пиросаини конференцияға қатысушыларды өзінің университеті және өзінің жұмыс істеп жүрген жобаларымен таныстырды. Жиында жаңа энергия көздері мен  оқу орындары және кәсіпорындардағы білім беру іргетасын құру туралы мүдделі энергия үнемдеу мәселелері талқыланды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі