2017 жылдың 14 желтоқсанда университеттің «ШҚМТУ-2017 маманда жәрмеңкесі» шарасы аясында ҚР Ұлттық ядролық орталығының өкілдері мен Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қонақтар делегациясын «Байкал-1» ЗРК басшысы Вячеслав Гныря және ҚР ҰЯО ИГР ЗРК басшысы Валерий Гайдайчук басқарды. Дөңгелек үстел барысында ҚР ҰЯО құзіреттілігі аясында мамандардар даярлау, білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ студенттердің практикалық тәжірибесі және халықаралық білім беру туризмін дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. ҚР ҰЯО делегациясы университет басшылығына алғысын білдіріп, ҚР ҰЯО қызметкерлері үшін кадрлар даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға ниет білдірді.

ATжЭМ деканы Н.Ердыбаева