ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015 жылғы «Үздік оқытушы» байқауының қорытындысын шығарды. Жеңімпаздар арасында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бес оқытушысы лауреат атанды.

Олар - физика- математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп академиясының мүшесі, «Энергетика және техникалық физика» кафедрасының меңгерушісі Плотников Сергей Викторович, физика- математика ғылымдарының докторы, профессор, Табиғи ғылымдар ұлттық академиясының академигі Хисамиев Назиф Ғарифуллаұлы, экономика ғылымдарының кандидаты, «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының меңгерушісі Мадиярова Эльвира Собетоллақызы, физика - математика ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық жүйелер және компьютерлік модельдеу» кафедрасының доценті Бакланова Ольга Евгеньевна,техника ғылымдарының кандидаты, «Аспап жасау және техникалық процестерді автоматтандыру» кафедрасының доценті Швец Ольга Яковлевна.

Университет ұжымы үздік оқытушыларды шын жүректен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейді.

ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі