2015 жылдың 4 мамырында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да 13 білім бағдарламасын (5В070400 және 6М070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5B070300 және 6М070300 «Ақпараттық жүйелер», 5В071600 және 6М071600 «Аспап жасау», 5В070500 және 6М070500 «Математикалық және компьютерлік үлгілеу», 6М060100 «Математика», 5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар», 5В074500 және 6М074500 «Көлік құрылысы», 5В080500 «Су ресурстары және суды пайдалану») мамандандырылған аккредиттеу бойынша АРТА (Аккредиттеу және рейтингттің тәуелсіз агенттігінің) сыртқы сараптама комиссиясы ресми түрде жұмысын бастады.

Бірінші күннің жартысында сыртқы сараптама комиссиясының мүшелері ректор - Н.М.Темірбековпен, университет проректорлары: оқу және әдістемелік істер жөніндегі - Н.Н.Линокпен, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі - О.Д. Гавриленкомен, тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі - Ж.Д. Нәзбиевпен кездесті.

Кездесу аяқталғаннан кейін ЖОО басшылығымен университет нысандары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. ЖОО жетістіктері, марапаттары, ПО құрамының, білім алушылардың еңбектері көрсетілді. Экскурсия бағыты инфрақұрылымның нысандарынан тұратын зертханалар, модульдік кешен, ЖОО көрмесі, мұражай, кітапхана, спорт залы, акт залы, офис-тіркеушілер, студенттік хаб және басқалардан тұрады.

Екінші жартысында АРТА сыртқы сараптама комиссиясының мүшелері университеттің аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының іс-тәжірибе өткізу базаларына барып шықты: «Қазмырыш» ЖШС, «Техноаналит» ЖШС, «1С Рейтинг» ЖШС, «Азия авто» АҚ, «Шығысжол Лаборатория» РММ.

Және де аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен, бөлімдердің жетекшілерімен, оқу үдерісін ұйымдастыруға және бақылауға жауаптылармен кездесу өтткізілді. Сарапшылар аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілерімен кездесті.