Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттердің, магистранттардың және жасғалымдардың  «Жастардың шығармашылығын – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты ХIV Республикалық ғылыми-техникалық конференциясы болып өтті. Оның жұмысына ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Айжан Садықова, және басқалар қатысты.

Н.Темірбеков конференцияға қатысушыларды құттықтап, табыс тіледі. Қазір техникалық мамандарға сұраныс орасан зор. Біздің түлектеріміз барлық талаптарға сай. Дәстүрлі «Мамандар жәрмеңкесіне» 80-нен астам кәсіпорын өкілдері қатысатыны тегін емес, - деді Н.Темірбеков.

Конференцияға қатысушыларды сондай-ақ Өскемен қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы Е.Жақыпов, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары А.Садықова құттықтады.

Конференцияда сегіз негізгі баяндама тыңдалды. ШҚМТУ магистранты Б.Қондыбаевтың, ОҚМУ-нің студенті Ш.Балтабаеваның, ШҚМТУ докторанты Р.Төлебергеновтың баяндамалары тартымды болды.

Сонан соң конференция жұмысы секцияларда жалғасты.