Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық «Жас Қанат» жас орындаушылар байқауы өткен болатын. Байқау нәтижесінде, сұраныс білдірген 50 жас әншілер арасында, біздің университеттің инженерия факультетінің 1 курс студенті Малика Ахметжанова II жүлделі орынға ие болды. ШҚМТУ Студенттік шығармашылық бөлімі және ШҚО мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының «Өрлеу» КМКК бірлескен жұмысы нәтижесінде Республикалық «Жас Қанат» штабына Маликаның шығармашылық жұмысы жіберілді.

Мисс ВКГТУ - 2016 Мисс ВКГТУ - 2016

Жұырда, университетімізге қуанышты хабар келіп түсті. Малика Ахметжанова Республикалық «Жас Қанат» байқауының сырттай кезеңінен сүрінбей өтіп, енди 25 мерейтойлық Астана қаласында өтетін ең беделді жас орындаушылар байқауына облыстың және университет абыройын қорғауға жолдама алып отыр! Маликаға сәттілік тілейміз! ШҚМТУ кішкентай жұлдызы мемлекетіміздің жарық жұлдызына айналсын!