С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің делегациясы екі күндік ресми сапармен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да болып қайтты.

Көршілес аймақтың ғалымдарының ресми сапарының себебі Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің  негізгі бағыттары бойынша қызметімен танысу болып табылды. Қызметтік кездесу барысында еліміздің екі ірі ЖОО-дарының мамандары инновациялық технология, ғылым, тәжірибе алмасу бойынша кеңейтілген серіктестікті талқыға салды.

Ресми сапар барысында ШҚМТУ-дың  ғылыми және оқу зертханаларына экскурсиялар болды.  Келген қонақтар «Үлкен Алтай», өндірістік бөлімдерге, сертификациялық сынақ, технопарк  Алтай және басқа нысандарды аралап, сонымен қатар университеттің басқа да зерттеу жұмыстарымен, жобаларымен танысты.

Екі университет арасындағы серіктестік кездейсоқ болған жоқ. Екі оқу орны да  инновациялық қызметте және білім сапасы жағынан анық жетістіктер мен жақсы көрсеткіштерге ие. 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасулан Шаймарданов атап өткендей, инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін екі жақ күш салу керек.

Өз кезегінде ПМУ ректоры Арын Орсариев, Ресей, Астана, Алматыға потенциалды студенттердің ағыны бойынша бәсекегеқабілетті болу үшін бірлескен механизмдер іздеу керектігін атап өтті. Әкімшілік корпуста екі университеттің мамандары қысқа форматта барлық бағыттары бойынша талдау жүргізген «B to B» сызбасы негізінде кездесу өткізді.

 «Дөңгелек үстел» соңында ары қарай серіктестіктің басымдылықтары аталынып өтті. Осы келісім барысында кафедралар арасында үшжақты келісімшарт жасалды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында ШҚМТУ-дың ғалымдары университет басшылығымен павлодарлық әріптестерімен кездесіп қайтқан.  Ол кезде ШҚМТУ делегациясы археологиялық музейге, университеттің зертханаларына және де жақында ғана ашылған ПМУ стартап-академиясына барған еді.

Кездесу соңында жобаларды жүзеге асыру, студенттердің академиялық мобилділігі, докторанттар мен магистранттардың іс-тәжірибесі, университет базасында кәсіби тәжірибеден өту, сонымен қатар халықаралық білім және ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу үшін  бірлескен ғылыми-зерттеу зертханалары және уақытша ғылыми-зерттеу коллективін құру туралы серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі